06.01.2009, 16:11 3117

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының барлық басты органдарына 2009 жылы Молдова төрағалық жасайды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының барлық басты органдарына 2009 жылы Молдова төрағалық жасайды

Алматы. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының барлық басты органдарына 2009 жылы Молдова төрағалық жасайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тарихында алғаш рет биылдан бастап Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Экономикалық кеңес, Тұрақты өкілдер кеңесі мен Экономикалық мәселелер жөніндегі кеңестерге бір жыл бойы бір ел ғана төрағалық жасайтын болады. 2009 жылы Молдова Республикасы осындай төрағалық жасайтын мемлекет болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны