22.02.2008, 10:18 1353

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Владимир Путинмен кездесті

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Владимир Путинмен кездесті

Мәскеу. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

РФ президенті энергетикалық дағдарыспен байланысты туындаған жағдайдың салдарын жою мәселесіне орай Ресейдің Тәжікстанға көрсетіліп жатқан көмегі бұдан әрі қарай да жалғаса беретінін тілге тиек етті. "Ресей Тәжікстандағы суыққа байланысты қиындықтарға жедел арада әрекет етуге тырысады", - деді В. Путин кездесу барысында.

РФ президенті Ресей Тәжікстанға кейбір өнеркәсіп өнімдерін, дизельді генераторлар, жанармай және өзге де тауарларды тасып жатқанын атап өтті.

Ресей президенті республикаға бірінші кезекте қандай көмек көрсету керектігін, сондай-ақ, энергетика, әскери-техникалық және әскери ынтымақтастық салаларындағы екі жақты қатынастарды дамыту мәселелерін Э. Рахмонмен талқылауға дайын екенін жеткізді.

В. Путин Сангтудин ГЭС блоктарының бірін Ресейдің (РАО "ЕЭС") көмегімен іске қосу қиыншылықтарды артқа тастауға өз септігін тигізетініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Тәжікстан президенті Э. Рахмон Ресей президентіне ырзашылығын білдіріп, өз елінің аса қиын жағдайда тұрғанын әңгімелеп берді. "Біз өз тарихымызда мұндай аязды естіген емеспіз. 2-3 күннен әріге аса алмайтын. Алдын ала есептеулер бойынша шығын 1 млрд АҚШ долларын құрап отыр. Малдың 70 пайызы қырылды, өнеркәсіптің 90 пайызы тоқтап тұр. Ел астанасында электр қуатын тек таңертең мен кешке ғана 4 сағаттан беріліп тұр. Басқа аймақтарда мұның өзі жоқ", - деді Тәжікстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны