02.06.2008, 13:06 2218

Тәжікстан президенті Рогун Су электр станциясы құрылысын жандандыруды талап етіп отыр

Тәжікстан президенті Рогун Су электр станциясы құрылысын жандандыруды талап етіп отыр

Алматы. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Душанбенің шығыс жағында 110 шақырым жерде орналасқан Рогун су электр станциясының құрылысын жандандыруды талап етіп отыр, деп хабарлайды агенттік "CA-News" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

CA-News ақпараты бойынша Тәжікстан басшысы Э. Рахмон өткен аптаның жұма күні Рогун қаласына жұмыс сапарымен барып, станцияның құрылыс жұмыстарымен танысып, жергілікті қала жетекшілерімен кездесті.

ТР басшысы атап өткеніндей, станция құрылыс алаңында инженерлік -коммуникациялық қамсыздандыру жұмыстары нашар ұйымдастырылған. Ол тиісті министрліктер мен ведомстволарға көлік жолын, электр қуаты мен суды беру желілерін, винтиляция мен канализацияны, бірінші және екінші деңгейдегі туннельді және электр өндіретін қосалқы станцияны жөндеу жұмыстарын жасауды тапсырды.

Тәжікстан президенті үш айдың ішінде электрстанцияның бірінші кезеңін аяқтау үшін құрастыру -құрылыс кестесін дайындап оны республика үкіметіне беруді және бір айдың ішінде алдағы жылы Вахш өзенінің сағасын жабу үшін бірінші және екінші туннель ярустарының жөндеу жұмыстарының жоспарын бекітуді тапсырды. Э. Рахмон сондай-ақ, СЭС-тен "Сангтуда-1" машиналар мен механизмдерді жедел түрде әкелу шараларын қолға алып, электр станциясының бірінші кезеңіне арналған құрал-жабдықтардың есебін жүргізіп, құрылысты жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету шараларын жүргізуді тапсырды.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Ресей және Иранның қаржысы есебінен салынып жатқан Рогун су электрстанциясы мен "Сангтуда-1" және "Сангтуда-2" пайдалануға берілгеннен соң, республикада 33,3 млрд кВт-с электр қуаты өндіріліп оның 23-25 млрд кВт-с ішкі сұранысты қамтамасыз етуге пайдаланылса, қалғаны экспортқа жіберіледі.

Э. Рахмон хабарлағанындай, биылғы жылы құрылысты жылдамдату үшін мемлекеттік бюджеттен 116 млн сом бөлінді (33,8 млн доллар). "Егер бұл қаржы игерілетін болса, қосымша тағы да ақша бөлінеді. Биылғы жылы қаржыландыру көлемі үш есе арттырылып, 350 млн сомды ($100 млн) құрайтын болады", деді мемлекет басшысы.

Жыл сайын 5 млрд кВт-с өндіре алатын Рогун ГЭС бірінші кезеңінің құрылысын аяқтау үшін $590 млн қажет. ГЭС -тің жалпы қуаты 3600 МВт құрайды, ал оның жалпы құны $3,4 млрд құрайды.

"Оның құрылысы аяқталғаннан соң жыл сайын 14 млрд кВт-с электр қуатын өндіруге мүмкіндік болады, бұл арқылы біз өзіміздің елімізді тәуелсіз электр қуатымен қамтамасыз етіп, стратегиялық мақсаттарымыздың біріне қол жеткіземіз. Сонымен қатар, бұл Тәжікстанға аймақта арзан және экологиялық таза электр қуатын өндіретін мемлекеттер қатарына енуге мүмкіндік береді", -деп атап өтті президент.

Оның сөздері бойынша, нысан құрылысын жылдамдату үшін құрылыс алаңына 150 бірлік техника жеткізілді. Қазіргі күні құрылыста мыңнан аса маман және жұмысшылар жұмыс істеуде. Рогун ГЭС құрылыс жұмыстары қарқындылығының үдеуіне қарай мамандар мен жұмысшылардың саны 13 мыңға жететін болады. Э. Рахмонның пікірінше, бұл фактор " Рогун қаласы тұрғындарының өмір сүру деңгейін түбегейлі өзгертіп, оған жақын жатқан аудан тұрғындарының өмірін де өзгертеді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны