16.04.2008, 17:12 3279

Тәжікстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өңір мен дүниежүзіндегі рөлін жоғары бағалады

Тәжікстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өңір мен дүниежүзіндегі рөлін жоғары бағалады

Душанбе. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының өңір мен дүниежүзіндегі рөлін жоғары бағалады. Бұл туралы ол ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Э. Рахмон ұйымның лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес ісіндегі өңір мен әлемдегі рөлі мен маңызын ерекше атап көрсетті.

Ол сондай-ақ, Тәжікстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қызметіне тиісті назар аударылып отырғанын атап өтті. "Тараптар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен Еуразия экономикалық қоғамдастығының кеңестерінің алдағы отырысы, Ауғанстан мен өңірдегі жағдай, есірткінің заңсыз айналымымен күресті күшейту және өзара қызығушылық тудырған мәселелер бойынша пікір алмасты", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны