25.06.2007, 18:42 2885

Тегеранда өткен Каспий маңы сыртқы істер министрлері мәжілісінің қорытындысы бойынша Каспий маңы мемлекеттері басшыларының екінші саммитінің декларациясы қабылданды

АСТАНА. 26-маусым.Kazakhstan Today. 20 маусымда Тегеранда Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің үшінші мәжілісі өтті. Кездесудің басты тақырыбы -Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алда болатын екінші саммитінің мерзімі мен оның қорытынды құжаты - декларация жобасын талқылау болды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Күрделі консультациялардың нәтижесінде Сыртқы істер министрлері реттелмей қалған тармақтарды келісімдеді. Бұл - Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитін өткізуге жол ашып отыр.

Бұл ретте, мәмілегерлік ұсыныстардың бәрі Қазақстан тарапынан жасалғанын атау керек. Осылайша, Каспий бестігі президенттерінің екінші саммитінде қабылдау жоспарланып отырған Каспий маңы мемлекеттері декларациясының мәтіні толықтай келісімделіп, қол қоюға әзір болды.

Сондай-ақ, Қазақстан әзірлеген Каспий теңізіндегі тұрақтылық пактісі жобасындағы Каспий аймағында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстардың Декларация жобасына түгелдей кіргенін атап айту керек. Сайып келгенде, бұл - Елбасы Н.Назарбаевтың аталған пактіні қабылдау жөніндегі бастамасының жүзеге асырылғаны.

Саммит күн тәртібінің күн тәртібі мен оны өткізу мерзімі дипломатиялық арналар арқылы келісіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны