02.04.2009, 17:45 3586

ТМД аясында біртұтас баспа органын құру жөнінде шешім қабылданды

ТМД аясында біртұтас баспа органын құру жөнінде шешім қабылданды

Душанбе. 2 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің мерзімді басылым, кітап шығару, кітап тарату және баспа ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық кеңесі бүгін Душанбеде өткен ХІІ жиында ТМД аясында біртұтас баспа органын құру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Сонымен бірге, жиында кітапты қолдау жөніндегі декларация мен ТМД елдерінің өзара баспа өнімдерін алмасуына қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі келісімнің жобасы бекітілді.

Бұған қоса жиынға қатысушылар 2009 жылды - ТМД елдеріндегі жастар жылы деп жариялауды ұйғарды. Отырыс қорытындысы бойынша кеңестің 2009 жылғы жұмыс жоспары бекітілді. ТМД елдерінің мерзімді басылым, кітап шығару, кітап тарату және баспа ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің келесі ХІІІ жиыны 2009 жылдың қараша-желтоқсан айларында Минск қаласында өтеді.

Душанбеде өткен жиынға Изербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы мен ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны