22.09.2006, 10:26 3152

ТМД Атқару комитетінің төрағасы БҰҰ аясындағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ықпалдастығын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді

МИНСК. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. ТМД Атқару комитетінің төрағасы - ТМД-ның атқарушы хатшысы Владимир Рушайло БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы барысында БҰҰ аясындағы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ықпалдастығын жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, БҰҰ аясында лаңкестікпен күрес старатегиясы мен құқықтық негізін дамыту мен жетілдіру, жаңа халықаралқ құқықтық антитеррорлық құжаттарға қатысты жұмыстарды аяқтау, соның ішінде "халықаралық лаңкестік" деген ұғымның өзін БҰҰ аясында келісу ұсынылды. Сонымен бірге лаңкестік әрекеттерге қатысы бар адамдарды көбінесе "әділеттілік үшін күресуші" немесе "ұлт-азаттық қозғалысына қатысушы" деген атап, оларға қатысты екіжүзділік саясат ұстануды доғару, жекелеген мемлекеттер тарапынан лаңкестікпен күрес деген желеуді түрлі геосаяси мұрат-мүдделерді шешуде пайдалануға жол бермеу қажеттігі айтылды. Бұған қоса лаңкестердің халықты жаппай қырып-жоюға арналған қаруға қол жеткізу мүмкіндігіне жол бермеуге жағдай жасау қажет, деді В.Рушайло.

Қабылданған әмбебап және аймақтық келісімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, лаңкестікке кешенді түрде қарсы тұруға бағытталған бірлескен тәжірибелік іс-шараларды күшейту, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға сөзсіз септігін тигізеді, деді В.Рушайло.

В.Рушайло отырысқа қатысушыларға ТМД елдерінде діни, этникалық және саяси сылтауды бетперде ету арқылы іске асырылатын лаңкестік және басқа да экстремистік әрекеттермен күрес саласындағы халықаралық ұйымдармен және орталықтармен ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылатындығын хабарлады. ТМД-ға қатысушы елдерде БҰҰ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Еуропа Кеңесі мен ТМД аясында лаңкестікпен күрес саласында қол қойылған келісімдерді жүзеге асыру тетіктері жетілдіріле түсуде, деді ол.

Бүгін Атқару комитетінің басшысы БҰҰ мен аймақтық және басқа да үкіметаралық ұйымдар арасындағы жоғары деңгейлі жетінші кеңеске қатысады. Отырыс аймақтық дағдарыстарды реттеу мен шиеленістен кейінгі қалпына келтіру мәселелеріне арналады. БҰҰ мен аймақтық ұйымдар арасындағы ынтымақтатсық проблемалары мен мүмкіндіктері талқыланады.

БҰҰ-ына сапары барысында В.Рушайло сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардың жұмысшы органдарының жетекшілерімен кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны