07.12.2007, 18:34 3562

ТМД Экономикалық кеңесі ұзақ мерзімді ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу туралы мәселені қарастырады

ТМД Экономикалық кеңесі ұзақ мерзімді ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу туралы мәселені қарастырады

Минск. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесі 14-желтоқсанда Мәскеуде Достастыққа мүше мемлекеттердің жалпы және ұлттық мүдделерін ескере отырып, ұзақ мерзімді ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу туралы мәселені қарастыратын болады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Соңғы жылдары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерде экономикасының тұрақты дамып келе жатқандығы байқалады. Достастықта оған мүше мемлекеттердің жалпы және ұлттық мүдделерін ескере отырып, ұзақ мерзімді ынтымақтастық стратегиясын әзірлеу үшін жағдай жасалған»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасына экономикалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 20-ға жуық мәселелер қосылған. Үстіміздегі жылдың 5-қазанында Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі қабылдаған ТМД одан әрі дамыту концепциясы мен оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспарына сәйкес, келесі жылдың басты тақырыбы көлік саясаты саласындағы өзара ықпалдастықты дамыту болып табылады.

Жүк айналымының жылдан жылға өсуіне байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің үкіметтері деңгейінде Достастыққа мүше мемлекеттердің бірлесе пайдаланылатын жүк вагондарының паркін толықтыру, жаңалау және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісілген шешім қабылдау ерекше маңыздылыққа ие, оның жобасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық кеңесінде қаралатын болады.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар банк-қаржы саласындағы өзара ықпалдастықты дамыту аясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің экономикасын дамытудың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін келісудің тәртібін қарастырады.

Отырыста сондай-ақ, Мемлекетаралық банк пен Аймақтық достастықтың байланыс саласындағы 2005 - 2007 жылдардағы іс-қызметі туралы есеп беруі тыңдалады, деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны