11.03.2013, 15:02 16059

ТМД Экономикалық кеңесінің отырысын осы аптада Мәскеуде өткізу жоспарланған

"15наурызда Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 57-ші отырысы өткізіледі", - деді А.Ибибуллаев.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - Алдағы аптада Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің отырысын өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ-нің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаев баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"15наурызда Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 57-ші отырысы өткізіледі", - деді А.Ибибуллаев.

Ресми өкілдің мәліметінше Қазақстанның үкімет делегациясының қатысуымен өтетін отырыста ТМД қатысушы мемлекеттердің

2020 жылға дейінгі инновациялық ынтымақтастық мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәселелерді қарастыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны