04.10.2007, 13:39 3163

ТМД елдерін одан әрі дамыту және жетілдіру концепциясы саммиттің басты тақырыбы - Рушайло

ТМД елдерін одан әрі дамыту және жетілдіру концепциясы саммиттің басты тақырыбы - Рушайло


Душанбе. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерін одан әрі дамыту және оны жетілдіру концепциясы 5-қазанда Душанбе қаласында өтетін ТМД саммитінің басты тақырыбы болып табылады. Бұл жөнінде тілшілерге берген сұхбатында ТМД елдерінің Атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайло мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Владимир Рушайлоның айтуынша, ТМД саммитінің күн тәртібіне 19 мәселе енгізілген. "Олардың ішінде маңыздысы стратегиялық сипаттағы мәселелер болып табылады. Олардың арасында дайындық жұмыстары қазірдің өзінде аяқталған ТМД елдерінің одан әрі қарай да дамуы және ТМД-ны жетілдіру концепциясы, сондай-ақ, оны жүзеге асыру жоспары бар", - деді ТМД елдерінің Атқару комитетінің төрағасы.

Сонымен бірге, Владимир Рушайло көші-қон саясатының мәселелерін шешуді маңыздылар қатарына жатқызды. "Санкт-Петербург қаласында болған ресми емес саммитте көші-қон саясатының мәселелерімен жұмыс жасау міндеті жүктелген болатын. Осы топтың жұмыс қорытындысына сәйкес, көші-қон саласындағы екі құжат жұма күні мемлекет басшыларының қарауына жіберіледі", - деп хабарлады ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жоғары маңызға ие тұрақтылық және қауіпсіздікпен, терроризммен күрес және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты бірқатар мәселелер қарастырылады. "Сондай-ақ, құжатқа қол қоюды талап етпейтін мәселелер де қарастырылатын болады", - деп атап өтті Владимир Рушайло.

"Мен алдағы саммиттердің табысты болатындығына және Достастықтың болашағына сенімдімін", - деді ТМД елдерінің Атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайло.

Естеріңізге сала кетейік, 4-қазан күні ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кеңесінің отырысы өтеді. Ал, 5-қазан күні түстен кейін ТМД елдерінің басшылары кеңесі тар, кейіннен кеңейтілген құрамдағы отырысы болады. Содан соң бұқаралық ақпарат өкілдеріне баспасөз мәслихаты өткізіледі.

Саммитте талқыланатын мәселелер қатарында ТМД-ны одан әрі дамыту концепциясы, көші-қон саясатын сабақтастыру, сыртқы шекарадағы дағдарысты жағдайды реттейтін шекаралық ведомстволардың ықпалдастығы, Терроризмді қаржыландыруға қарсы келісім, 2008 - 2010 жылдарға арналған Терроризммен және экстремизммен күрестегі ынтымақтастық бағдарламасы, Мәдени құндылықтарды тонаумен күрес туралы келісім, ТМД-да ассоциаланған мүшелік туралы келісім бар.

Сонымен қатар, күн тәртібіне 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлау дайындығының және есірткі заттарының, психотроптық заттардың және олардың қоспаларының заңсыз айналымымен күрестегі ынтымақтастықты дамыту туралы мемлекет басшыларының баяндамасы енгізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны