21.08.2008, 17:38 2829

ТМД елдерінің "Достық-2008" атты бірлескен арнайы операциясының аясында Қырғызстанда 2 тонна есірткі тәркіленді

ТМД елдерінің "Достық-2008" атты бірлескен арнайы операциясының аясында Қырғызстанда 2 тонна есірткі тәркіленді

Бішкек. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдерінің "Достық-2008" атты бірлескен арнайы операциясының аясында Қырғызстанда 2 тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның хабарлауынша, операцияның басты мақсаты ТМД елдеріне Ауғанстан жағынан заңсыз содырлық құрылымдардың, лаңкестердің, есірткі заттарының енуінің жолын кесу, заңсыз миграцияға тосқауыл қою болған. "Достық-2008" Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумақтарында өткізілді.

Қырғызстандағы операция нәтижесінде мемлекеттік шекараны бұзған 154 адам қамауға алынып, 80 қару, 11 тонна тауарлық-материалдық құндылық, 1994 кг есірткі тәркіленіп, жалпы құны 11 мың АҚШ долларын құрайтын 8 контрабанда оқиғасы тіркеліп, 88 заңсыз мигрант анықталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны