18.05.2007, 11:16 3402

ТМД елдерінің теміржол транспорты жөніндегі кеңесінің 46-шы отырысында бірнеше мәселелер бойынша хаттамаға қол қойылады

АСТАНА. 18 - мамыр. Kazakhstan Today. ТМД мүше мемлекеттерінің теміржол транспорты бойынша кеңесінің 46-шы отырысында саланың бірқатар мәселелері бойынша хаттамаға қол қойылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеңес жұмысы кезінде көптеген екі жақты кездесулер өтіп, барлық қарастырылған мәселелер көрініс табатын хаттамаға қол қою арқылы жұмыс қорытындыланады".

Негізінен, "бұл отырыстың күн тәртібінде өткен отырыстардың шешімдерінің орындалуы және 2007 жылдың алғашқы 4 айындағы теміржол желісінің эксплуатациялық жұмысының қорытындысы қаралады", делінген көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта.

"Сарапшы топтар жүк және жолаушы поездарының қозғалыс кестесін, контейнерлі вагондар мен жүк поездарының қалыптасу жоспарын, 2007/2008 жылдарға арналған мемлекетаралық бағыттағы вагон ағымының бағыттық тәртібін жасау барысын талқылады", - деп атап өтілген көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз баянында.

"2006 жылғы контейнерлер санағы қорытындыланды және 2007 жылы жүк вагондарының санағына дайындалу бойынша тапсырмалар, теміржол әкімшіліктері арасындағы өзара есеп қорытындысы белгіленді. Жолаушы тасымалы шаруашылығы бойынша комиссия туралы ережелердің жобасы, халықаралық бағытта тез бұзылатын жүктерді термос-вагондарда тасымалдау туралы тәртіптер жобасы талқылауға шығарылды",- делінген көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратында.

Сонымен қатар, көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз баянында атап көрсетіленіндей, "отырыста ТМД мемлекеттерінің, сондай-ақ, Латвия, Литва және Эстонияның теміржол әкімшіліктері арасындағы халықаралық жолаушы тасымалы туралы келісімнің кейбір нормаларын қолдану ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі теміржол әкімшіліктерінің ұсыныстары қарастырылған".

Транспорттық ведомство сондай-ақ, "2007 фрахт жылының теміржолдың тарифтік саясатының халықаралық байланыста жүк тасымалдау басымдықтарын анықтаумен қатар 2006 және 2007 жылдарға арналған кеңес қызметін қамсыздандыру шығындарының сметасын орындау секілді қаржылық мәселелер де қарастырылғанын" хабарлады.

"Теміржол транспорты нысандарындағы төтенше жағдай кезінде бірлесіп әрекет ету, медициналық-санитарлық залал-зардаптардың алдын алу және жою бойынша ықпалдастық тәртіптері анықталды", - деп хабарлады көлік және коммуникация министрлігіндегілер.

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз баянында айтылғандай, ТМД-ға мүше мемлекеттерінің теміржол транспорты бойынша кеңесі 1992 жылдың ақпан айының 14-де құрылған. Оған Армения, Изербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Украина елдерінің теміржол транспортын басқару органдары мүше болып табылады.

Сондай-ақ, кеңес жұмысына Болгария мен Латвияның, келісімге сәйкес Литва мен Эстонияның теміржол әкімшіліктері қауымдасқан мүше есебінде қатысып отыр. Финляндияның теміржол әкімшілігі, сондай-ақ, Теміржолшылар мен транспорттық құрылысшылардың кәсіподақтарының халықаралық конфедерациясы бақылаушы ретінде қатысуда.

Теміржол әкімшіліктерінің 15 жылғы ынтымақтастығы барысында кеңестің 45 отырысы өтіп, оның үшеуі Қазақстан Республикасында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны