25.09.2012, 13:00 3021

ТМД елдерінің Үкімет басшылары Ялтада кездеседі

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ТМД елдерінің Үкімет басшылары жұма, 28 қыркүйек күні Ялтада кездесіп, жан-жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Мәскеу. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today - ТМД елдерінің Үкімет басшылары Ялтада кездеседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ТМД елдерінің Үкімет басшылары жұма, 28 қыркүйек күні Ялтада кездесіп, жан-жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ТМД елдерінің инновациялық ынтымақтастығының 2020 жылға дейінгі Мемлекетаралық бағдарламасын іске асырудың 2012-2014 жылдарға арналған шаралар Кешенін қарастыру көзделуде. Талқылау тақырыбына сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің ақпараттық қоғамды құру және дамытудағы ынтымақтастық Стратегиясы мен оны 2015 жылға дейінгі кезеңде іске асыру бойынша әрекеттер Жоспары кіріп отыр.

Өзбекстан Республикасының еркін сауда аймағы туралы Келісімге қатысуы қарастырылмақ. Сондай-ақ Достастық елдеріндегі бөлшек сауда желілеріндегі азық-түлік тауарларын сату нарығындағы бәсекелестік жағдайы сараланатын болады. Үкімет басшыларына Мәскеуде Бүкілресейлік көрме орталығының базасында Достастық мемлекеттерінің ұдайы жұмыс істейтін көрмелерін құру бойынша жұмыс барысы туралы ақпарат ұсынылады. Отырыс қатысушылары "Мир" Мемлекетаралық телерадиокомпаниясында "Мир 24" ақпараттық телеарнасының Тұжырымдамасын ортаға салады.

Бұдан бөлек Достастық қызметіндегі бірқатар бюджеттік-қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер қарастырылады. Күн тәртібіне Достастық аясындағы ықпалдастықтың өзара әрекеттестігінің түрлі аспектілерін қозғайтын барлығы жиырмадан астам мәселелер енгізіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны