16.10.2006, 16:23 2892

ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысында достастықты одан әрі жетілдіру мәселесі басты мәселе ретінде талқыланады - ҚР СІМ

АСТАНА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін Минск қаласында ТМД-ға қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің отырысы өтеді . Отырыста қаралатын шешуші мәселе - ТМД-ны одан әрі жетілдіру проблемасы болып табылады.

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кездесудің басты мақсаты - мемлекет басшыларының кеңесі отырысының күн тәртібін дәйектеу",- деді Е.Ашықбаев. Е.Ашықбаевтың айтуынша, "мемлекет басшыларының кеңесінің осының алдындағы отырысында Қазақстан жағы екі маңызды мәселені қарау жөнінде ұсыныс енгізген. Біріншісі - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілде айында Мәскеуде өткен ТМД-ның бейресми саммиті барысында ұсынған ТМД-ны реформалау бағдарламасының жобасы мен осы құжаттан туындайтын ТМД-ның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар болмақ. Ал екінші бір шешуші мәселе - көші-қон саласында келісілген саясат жүргізу",- деді ол.

Қазақстан жағының пікірінше, "ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамытуда басымдық бес бағытта шоғырлануға тиіс". "Бұл - келісілген көші-қон саясаты, біртұтас транспорттық коммуникацияларды дамыту саласындағы ынтымақтастық, ғылым және білім саласындағы интеграция, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, трансшекаралық қылмыспен күрес",- деді Е.Ашықбаев.

СІМ өкілінің айтуынша, "аталған бағыттар негізгі екі критерийге сай келеді: ТМД елдерінің басым көпшілігі үшін тартымды әрі перспективалы және тәжірибелік жағынан маңызды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны