27.12.2006, 12:22 2911

Түрікменстанның Халық кеңесінің мүшелері президенттіктен үміткер 11 адамның атын ұсынды

АЛМАТЫ. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Түрікменстанның Халық кеңесінің мүшелері президенттіктен үміткер 11 адамның атын ұсынды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Кешегі Кеңес отырысында Түрікменстанның демократиялық партиясының саяси кеңесінің хатшысы Онжук Мусаев үміткерлікке Түрікменстан президентінің уақытша міндетін атқарушы Гурбангулы Бердымухаммедованы ұсынды.

Лебаб велаяты президенттіктен үміткер Қарабек ауылы ауданының хякимі мен Атамурад атындағы аудан хякимі Атамурад Алтынбаевты ұсынды.

Түрікменстанның барлық бес велаяты мен ел астанасы Ашхабад өздерінің үміткерлерін ұсынады деп күтілуде.

Бұрын үміткерлікке Дашогузск велаятының хякимының бірінші орынбасары Аманнияз Атаджиков, Сапармурат Ниязовтың атындағы аудан хякимі Батыр Чошшиев, мұнай-газ өнеркәсібі мен минералды ресурстар министрінің орынбасары Ишанкули Нурыев, туризм және спорт комитеті төрағасының орынбасары Дурды Дурдыев, Абадан қаласының хякимі Оразмурат Караджаев, Ахалск велаятының хякимликі бөлімінің меңгерушісі Аннаберды Чупанов, Түрікменбасы қаласының хякимі Аширнияз Помманов және мәжіліс депутаты, Түрікменстанның Демократиялық партияларының Балканск велаяты комитетінің хатшысы Реджепмаммед Дараклиевтер ұсынылған.

Түрікменстанның президенттігіне үміткерлерді бекіту үшін Халық Кеңесі мүшелерінің 2 мың 507 дауысының үштен екісін жинау қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны