20.10.2011, 12:36 4767

Түркітілдес елдердің Іскерлік кеңесі құрылды

ҚР премьер-министрінің ресми сайтында Алматыда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің аясында бизнес-форум өткендігі туралы хабарланған. Оның барысында Түркітілдес елдердің Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

Алматы. 20-қазан. Kazakhstan Today - Түркітілдес елдердің Іскерлік кеңесі құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтында Алматыда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің аясында бизнес-форум өткендігі туралы хабарланған. Оның барысында Түркітілдес елдердің Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

Кеңес құрамына түркітілдес елдердің ірі компаниялары мен ұйымдарының өкілдері кіріп отыр. Қазіргі таңда Іскерлік кеңестің алдында екі негізгі міндет тұр - кедендік кедергілерді алып тастау және ынтымақтастық үшін жаңа жобалар әзірлеу.

"Барлық кәсіпкерлер кеден амалдарына шағымданады. Елдер арасындағы сауда-саттық туралы сөз болған кезде, кеден мәселесі және транзит туралы құжаттар алу мәселесі туындайды. Біз елдеріміз үшін жеңілдетілген жүйе құруымыз керек",- деді ТМЫК Бас хатшысы Халиль Акынжы.

Осыған байланысты, Іскерлік кеңестің аясында Көлік және байланыс агенттігін құрудың мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда. Іскерлік кеңестің қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді.

ТМЫК елдерінің бірінші саммиті 20-21 қазан күндері Алматыда өтуде. Түркі халықтарының бірлігін нығайтуды мақсат ететін бұл Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Изірбайжан және Түркия елдері мүше.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны