13.06.2007, 17:57 2568

Ибділдин Халықтық Коммунистік партиясының басшысын әлсіздігі мен уәдесінде тұрмағандығы үшін айыптады

АЛМАТЫ. 13 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның коммунистік партиясының көшбасшысы Серікболсын Ибділдин Халықтық Коммунистік партиясына басшылық ететін Владислав Косаревті әлсіздігі мен уәдесінде тұрмағандығы үшін айыптады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Егер олар өз партияларының басшылары мен иелері болса, онда бірлескен жұмыс ережесін сақтап, бірігуді жүзеге асыра алар еді",- деді бүгін Алматыда Коммунистік партияның бірінші хатшысы журналистерге В. Косаревтің жуықта екі коммунистік партияның бірігуі туралы келіссөзді тоқтату туралы берген өтінішіне түсініктеме бере отырып. "Олар әлсіз және де өздерінің берген уәделерін орындай алмады",- деп қосты С. Ибділдин.

Сонымен қатар, коммунистер көшбасшысы Халықтық Коммунистік партиясының басшысын "режимдегі" жұмысы үшін айыптады. "Оларды 2004 жылғы парламент сайлауы мен 2005 жылғы президент сайлауында тиімді пайдаланды. Және де қазір, оларға "сіздер керексіздер, коммунистермен бірікпеңіздер" деуі де мүмкін",- деген болжам жасады С. Ибділдин.

Коммунистік партияның басқа өкілі - Төлеген Тоқтасыновтың пайымдауынша, Халықтық Коммунистік партиясының бірігуге ниет танытпау "мәжілістің алдағы таратылуы мен парламент сайлауына" байланысты. "Біздің "ақ үйде" парламентте Коммунистік партияға орын беру туралы жоспар жоқ шығар. Осы жағдайда Халықтық Коммунистік партиясы - коммунистік партияның парламент сайлауына өтіп, жеңіп шығуына мүмкіндік бермеу үшін жақсы құрал",- деп санайды ол.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың наурызының аяғында Халықтық Коммунистік партия мен Коммунистік партияның жетекшілері бірыңғай коммунистік партияға бірігу ниеттерін жария еткен болатын. Бірақ осы аптаның басында Халықтық Коммунистік партиясы бірігу туралы келіссөздерді тоқтату туралы мәлім еткен болатын. "Бірінші және ең басты себеп Қазақстанның Коммунистік партиясы Халықтық Коммунистік партиясымен бірігу мәселесін тек жоғарғы деңгейде қарастырған, бюро ЦК *Орталық комитет бюросы, ал төменгі буында мұндай қарастыру болмаған",- деп түсіндірді Халықтық Коммунистік партиясының Орталық бюросының хатшысы В. Косарев. "Сонымен қатар, Коммунистік партияның құрылымы үш жыл бұрын толығымен бұзылғандығына біздің көзіміз жетті",- деп қосты ол.

Бүгін баспасөз мәслихатында Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі, 16-маусымда өтетін құрылтайда партияның жаңа бағдарламасы ұсынылатындығын хабарлады. Бұл торқалы құрылтай болмақ. С. Ибділдиннің айтуынша, оған "Кеңес Одағының құлауынан кейін геосаяси кеңістікте құрылған барлық коммунисттік партиялар" шақырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны