28.12.2006, 17:36 2416

Иділет министрлігі оңшылцентристік "Атамекен" партиясын тіркеу туралы өтінішті қабылдады

АСТАНА. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today. Иділет министрлігі Қазақстанның оңшылцентристік "Атамекен" партиясын тіркеу туралы өтінішті қабылдады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне партияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңнамасына сәйкес, әділет министрлігі Қазақстанның оңшылцентристік "Атамекен" партиясын тіркеу туралы өтінішті қабылдады. Партия құрылтай сьезінен кейін заңда белгіленген 2 айдың ішінде "Атамекен" партиясына мүшелікке өткен 60 мыңнан астам азаматтың тізімін әкелді",- делінген баспасөз баянында.

Осы орайда еске сала кетсек, қазан айында "Атамекен" партиясының құрылтай сьезіне қатысушылар өздері құрған партияның Қазақстан президенті алға қойған мақсат-міндеттерді қолдайтынын мәлімдеген. "Біз саяси партияны мемлекет басшысын қолдау үшін және ол алға қойған Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің санатына қосу мақсатына жету үшін құрдық",- деді жаңа саяси бірлестіктің төрағасы - Қазақстан президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Ержан Досмұхамедов.

Жаңа партия "Қазақстан экономикасының сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батуына жол бермеу мақсатын көздейді". "Оңшылцентристік партия бизнесті мемлекеттендіруге және шенеуніктерді жекешелендіруге қарсы тұрады. Біз мемлекеттің коммерцияға ден қоюын және оның экономикаға араласуын күшейтуді қолдамаймыз",- делінген партия бағдарламасының жобасында.

Партия күн тәртібіндегі кезек күттірмес міндеттер ретінде әскери, әлеуметтік, тұрғын-үй-коммуналдық, әкімшілік, банк салаларында реформалар жүргізіп, көші-қон және тіл, ауыл саясатын өзгертуді ұсынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны