08.02.2010, 16:59 3132

Украина ОСК ел президенті сайлауының екінші туры өтті деп танылғанын жария етті

Украина ОСК ел президенті сайлауының екінші туры өтті деп танылғанын жария етті

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Украина президенті сайлауының екінші туры өтті деп танылды. Бұл туралы Украина ОСК төрағасы Владимир Шаповал мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, дауыс берудің түпкілікті нәтижелері 2010 жылдың 17 ақпанына дейін жария етіледі. "Заң бойынша Орталық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысы бойынша 17 ақпанға дейін шешім қабылдауға тиіс, солай болады деп сенемін. Орталық сайлау комиссиясы үшін сайлау процессі аяқталып келе жатқанын сезіп отырмын", - деді В. Шаповал.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау 33 мың 667 сайлау учаскесінде өтті. "Олардың бәрі де жұмыс істеді", - деді комиссия төрағасы.

Еске сала кетейік, кеше Украинада президент сайлауының екінші туры өтті. Мемлекет басшысының орынтағы үшін "Партия регионов" жетекшісі Виктор Янукович пен премьер-министр Юлия Тимошенко таласуда. Қазіргі жағдаймен ОСК хаттамалардың 94,68%- ын өңдеді. В. Янукович үшін 11,6 млн азамат, немесе 48,24%, Ю. Тимошенко үшін - 11,1 млн адам, немесе 46,13% дауыс берді. Үміткерлер арасындағы дауыс айырмашылығы 2,11 процентті пунктке дейін төмендеді.

Заңға сәйкес, президент сайлауының екінші турын қорытындылау процессі 10 күнде - 2010 жылдың 17 ақпанына дейін аяқталуға тиіс. Жаңа мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі жарияланғаннан кейін бір айдың ішінде қызметкері кірісуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны