15.02.2010, 10:18 1237

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы Януковичті ресми түрде ел президенті деп жариялады

Украинаның Орталық сайлау комиссиясы Януковичті ресми түрде ел президенті деп жариялады

Алматы. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Украинаның Орталық сайлау комиссиясы "Партия регионов" жетекшісі Виктор Януковичті ресми түрде ел президенті деп жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

Украина президенті сайлауының 2010 жылдың 7 ақпанында өткен екінші турының қорытындысы бар хаттаманы 14 ақпанда мәскеу уақытымен сағат 16.50-де Орталық сайлау комиссиясының барлық 15 мүшесі, соның ішінде бес адам "айрықша пікірмен" бекітті. Дауыс беру қорытындысын Украина ОСК төрағасы Владимир Шаповал жария етті.

ОСК мәліметінше, В. Янукович үшін 12 млн 481 мың 266 адам, немесе сайлаушылардың 48,95%-ы дауыс берді. Ю. Тимошенконы 11 млн 593 мың 357 адам , немесе сайлаушылардың 45,47%-ы қолдады. Барлығына қарсы дауыс берген азаматтар 4,36% болды. Барлығы дауыс беруге 25 млн 493 мың 529 адам (69,07%) қатысқан, ал дауыс берушілер тізіміне 37 млн астам адам енгізілген.

Жаңа мемлекет басшысы бір айдың ішінде жұмысқа кірісуге тиіс.

Украинаның Орталық сайлау комиссиясындағы В. Януковичтің уәкілетті өкілі, Жоғарғы рада төрағасының бірінші орынбасары Александр Лавриновичтің журналистерге хабарлауынша, жаңадан сайланған Украина президентін ұлықтау рәсімі 2010 жылдың ақпан айының аяғында өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны