10.06.2008, 18:26 2926

ҰҚШҰ ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша бірлескен әрекеттер бағдарламасын талқылады

ҰҚШҰ ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша бірлескен әрекеттер бағдарламасын талқылады

Мәскеу. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде бүгін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жанындағы Тұрақты кеңес отырысында ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша бірлескен әрекеттер бағдарламасы талқыланды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҰҚШҰ Хатшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бағдарламаға сәйкес, ұйымға мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру аталмыш саладағы бірлескен ұғымдар аппаратын жасауды, ұйым мемлекеттерінің ақпараттық қауіпсіздігінің қаупін талдауды, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің үлгісін жасауды және осы сала бойынша ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы жөніндегі келісім жобасына шығуды қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны