07.05.2009, 18:11 3010

ҰҚШҰ елдері лаңкестік және экстремистік ұйымдардың тізімін келісті

ҰҚШҰ елдері лаңкестік және экстремистік ұйымдардың тізімін келісті

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер лаңкестік және экстремистік ұйымдардың тізімін келісті. Бұл туралы бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Виталий Струговец мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"ҰҚШҰ елдері ұйымға мүше мемлекеттерде лаңкестік және экстремистік ұйымдар деп танылған ұйымдардың тізімінің жобасын келісті,- деп хабарлайды РБК.

В. Струговецтің мәлімдеуінше, алғаш рет мұндай тізім 2004 жылдың қараша айында келісілген, ол кезде оған 22 ұйым енгізілген, алайда, өткен жылдарда ҰҚШҰ елдерінің ұлттық тізімдеріне тағы да бірқатар ұйымдар қосылды.

"Қазіргі жағдаймен жаңа тізімнің жобасында 31 заңсыз ұйым тіркелген. Атап айтсақ, тізімге "Ил-Каида", "Талибан", "Аум Синрике", "Сұр қасқырлар", "Мұсылман бауырлар", "Ұлы Сирия жасағы", "Ислам жихады" секілді ұйымдар енгізілген",- деді В. Струговец.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны