14.05.2010, 16:58 6708

ҰҚШҰ елдері таяу уақыттарда бітімгершілік күштерді бірлесе дайындауға кіріседі

ҰҚШҰ елдері таяу уақыттарда бітімгершілік күштерді бірлесе дайындауға кіріседі

Мәскеу. 14 мамыр. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ елдері таяу уақыттарда бітімгершілік күштерді бірлесе дайындауға кіріседі. Бұл туралы бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"ҰҚШҰ бітімгершілік күштері қалыптасты, үйымға мүше барлық мемлекеттер ұжымдық бітімгершілік күштердің құрамына өз бөлімдерін ұсынды. Біз таяу уақыттарда оларды бірлесе жауынгерлік дайындауға кірісетін боламыз", - деді Н. Бордюжа.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағында Қырғызстан аумағындағы "Манас" секілді әскери базаның құрылу мүмкіндігі жайлы сауалға Н. Бордюжа бұл орынсыз деп жауап берді. "Ол орынды деп санамаймын. "Манас" базасы нақты маңызды мақсаттарды шешуде. Ол Ауғанстандағы тұрақтылық үшін жұмыс істеп, тәлібтермен күрес жүргізіп жатқан топты қамтамасыз етеді. Бұл - аса маңызды мақсат. Меніңше, бұл базаның Қырғызстан аумағында уақытша орналасуы ақтауға тұрарлық, ол бүгін Орталық Азия өңірінің тұрақтылығына қызмет етуде. Тағы бір базаны құрудың қандай қажеттігі бар, ол қандай мақсат үшін керек?" - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны