14.05.2010, 16:23 3594

ҰҚШҰ ұйымға мүше кез-келген мемлекеттің ішкі ісіне араласа алмайды - Бордюжа

ҰҚШҰ ұйымға мүше кез-келген мемлекеттің ішкі ісіне араласа алмайды - Бордюжа

Мәскеу. 14 мамыр. Kazakhstan Today - ҰҚШҰ ұйымға мүше кез-келген мемлекеттің ішкі ісіне араласа алмайды. Бұл туралы бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ мемлекет басшыларының 8 мамырда өткен саммитінің қорытындысы жайлы ойымен бөліскен ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Саммит барысында мемлекет басшылары биліктің конституциялық емес жолмен алмасқанын атап өтті. Дегенмен, ұжымдық қауіпсіздік кеңесі Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар - Қырғызстанның ішкі ісі деген ортақ ұстанымда. Сол себепті де Қырғызстанның ішкі саяси проблемаларын шешуде қандайбір күш немесе ҰҚШҰ әлеуетін қолданбау қажет деп танылды. Бүгінгі күні елде қалыптасып отырған ахуалды ең алдымен Қырғызстанның басшылығы шешуге тиіс", - деді Н. Бордюжа.

"Қырғызстанда 2005 жылы билік ауысқан кезеңде қолданылған ҰҚШҰ әлеуетін тарту бойынша ұйымға кіретін кез-келген мемлекеттің ішкі саяси проблемаларына араласпау ұстанымы дұрыс екенін бәрі де растады. ҰҚШҰ аясында тек сыртқы қатерлерге ғана жауап қату қажет", - деді ол.

Сонымен бірге ҰҚШҰ бас хатшысы "Қырғызстанда бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдай Орталық Азия өңіріндегі ахуалға жалпы әсерін тигізетінін" атап өтті. "Барлық мемлекет басшылары тарапынан қазіргі билікке тұрақтылық, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге жан-жақты көмек көрсету орынды деп тапты. Бүгінгі жағдаймен Ресей, Қазақстан және Өзбекстан Республикалары тарапынан ең өзекті ағымдағы экономикалық мәселелерді шешуге Қырғызстанға материалдық әрі қаржылай көмек жіберілді ", - деді ол.

"ҰҚШҰ-ына мүше мемлекеттер үшін қазіргі шешетін басты мәселе, ал бұл жөнінде сыртқы істер министрлігіне тапсырма берілді, - бұл - биліктің заңдылығын, сайлауға дайындықты, жаңа конституцияны қабылдауды қамтамасыз ету, ең бастысы, мемлекеттің барлық қызметін құқықтық формада жүргізуді қамтамасыз ету", - деді Н. Бордюжа.

Ол бұған қоса мемлекет басшыларының кезекті саммитті ағымдағы жылдың тамыз айында Ереванда өткізуге уағдаласқанын атап өтті. "Саммит форматы жұмыс тәртібімен анықталады", - деді ұйым бас хатшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны