16.02.2010, 11:14 1084

Илемдік экономикалық дағдарыс интеграцияға балама жоқтығын көрсетіп берді - Назарбаев

Илемдік экономикалық дағдарыс интеграцияға балама жоқтығын көрсетіп берді - Назарбаев

Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Илемдік экономикалық дағдарыс интеграцияға балама жоқтығын көрсетіп берді. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Владимир Путинмен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today РФ үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

"Илемдік экономикалық дағдарыс интеграцияға балама жоқтығын көрсетіп берді. Ал біз - көршілерміз. Көршіні ешкім таңдамайды. Ал лидерлердің міндеті - келешек ұрпаққа орнықты ынтымақ-бірлік, достық, мәдени -эмоциялық, дәстүрлі бірлесу сезімдерін жеткізуге саяды. Бұл достықтан тек біздің халықтарымыз ғана ұтпайды дегенге мен кәміл сенемін", - деді Н. Назарбаев.

Ол сондай-ақ, 1 шілдеде Ресей, Қазақстан, Беларусь елдері қабылдаған Кедендік кодекс күшіне енетінін атап өтті. "ЕурАзЭҚ Кедендік одақ күшіне енердің алдында жиналады және біз оған қаншалықты дайын екенімізді тыңдап,талқылаймыз. Меніңше, осы және біздің 2011-2012 жылдарға таман біртұтас экономикалық кеңістік аясында жұмыс істей бастауға тапсырма беруіміз - баршамыздың ұмтылысымыз деп санаймын", - деді мемлекет басшысы.

В. Путинмен сұхбат барысында ол сонымен қатар екі елдің экономикалық дағдарыстың зардаптарымен күресте одан әрі де бірлесе күш-жігер жұмсау қажеттігін атап өтті. "Экономикалық дағдарыс - біздің ортақ жұмысымыз: тауар айналымы бойынша, өзара көлік дәліздері бойынша, біз бірлесе құрып жатқан сансыз кәсіпорындар, Ресей компаниялары қазір Қазақстанға салып жатқан 4 млрд шамасындағы аса ауқымды инвестициялар", - деді ол.

"Осы жылдың басында сізбен және РФ президентімен кездесу арқылы біз әдеттегідей сағаттарымызды салыстырып отырмыз, ынтымақтастығымыз, біздің жақындығымыз, сенімді көршілік байланыстарымыз биыл да жалғасын табады. Биыл біз Ұлы Жеңісмтің 65 жылдығына орай кездесеміз. Біз шақыру алдық", - деді Н. Назарбаев.

"Біз бүгін Виктор Федорович Януковичті президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтауымызға болады деп ойлаймын. Мұны бүгін ОСК ресми түрде жариялапты. Келіңіз, телефон соғып, оны құттықтайық", - деді Владимир Путин.

"Бүгін БАҚ-тардың қатысуымен Виктор Януковичті шын жүректен құттықтауға болады. Оны біз әрдайым қолдадық және келешекте де жиі кездесетін боламыз, бір-бірімізді артық түсінетін боламыз деп сенемін. Өйткені Украинаның аты- Украина. Біз Украинаның рөлін, оның бұрынғы кеңестік кеңістіктегі, Еуропадағы және жалпы әлемдегі рөлін біз түсінеміз",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекетіміздің басшысы Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлескенде біздің елдеріміздің арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынас пен жемісті ынтымақтастық алдағы кезде де Қазақстан мен Украина халықтарының игілігі үшін белсенді дами беретініне сенім білдірді.

РФ үкімет басшысы бұған қоса қаржылық дағдарыс Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономикалық қатынастарына кері әсерін тигізбегенін атап өтті. "Мен осыдан екі күн бұрын сіздің елдің үкімет басшысымен сөйлестім. Біз экономикалық ынтымақтастыққа қатысты мәселені талқыладық. Бұл тұста, дағдарысқа қарамастан, қарым-қатынасымыз айтарлықтай дамып келе жатқанын айта кетуім керек", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны