06.02.2008, 18:23 2899

Үндістан кәсіпкерлері Қырғызстан Республикасында бірсыпыра инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

Үндістан кәсіпкерлері Қырғызстан Республикасында бірсыпыра инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

Бішкек. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" -Үндістан кәсіпкерлері Қырғызстан Республикасында көлік, туризм саласында, тау-кен, қайта өңдеу өндірісінде инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев биылғы жылдың 5 ақпанында Делиде сауда-өндіріс палатасында Үндістанның іскертоптары қоғамымен кеңейтілген жиын өткізіп, онда Қырғызстан мен Үндістан арасындағы іскерлік қарым-қатынастардың тиімді салалары талқыланды ", -деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қырғызстан Республикасының министрі Үндісатанға үш күндік ресми сапармен барды.

Бүгін Э. Қарабаев сондай-ақ, Махатма Гандидің мемориалдық кешеніне ресми түрде гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны