14.03.2012, 14:44 2715

Ирбір бесінші кәсіпкер "жең ұшынан" жалғаспай несие алу мүмкін емес деп санайды

Бүгін "Ақ жол" партиясынан сайланған депутат Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жолдаған депутаттық сауалында мәлім етті.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Ирбір бесінші кәсіпкер "жең ұшынан" жалғаспай несие алу мүмкін емес деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін "Ақ жол" партиясынан сайланған депутат Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жолдаған депутаттық сауалында мәлім етті.

"Қазіргі кезде "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру жүргізіліп жатыр, ол осыған ұқсас 2009 және 2010 жылдар бағдарламасын іске асырудың қисынды жалғасы ғана емес, Қазақстан экономикасын әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, оны дағдарыстан кейін дамытудың дәйекті кешенді шарасы болып табылады. Экономиканың дәстүрлі шикізат секторындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен қатар (бастамашылары ұлттық және жүйе құрушы компаниялар болып табылады) шағын және орта бизнестің нақты секторында қазіргі заманғы өңдеуші өндірістерді құру қажет. Осы тұрғыдан жеке бизнесті мемлекеттік қолдаудың өзінің межелі жеріне, яғни неғұрлым толық көлемінде кәсіпорындардың өздеріне жетуі өте маңызды",- деді партия төрағасы.

"Өкінішке орай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өндірістік бизнесті қолдауға бөлінген қаражат мүлде тиімсіз пайдаланылып жатқандығы, мұның өзі бұл бағдарламаны іске асырудың бұрмаланып жатқандығы және мемлекеттік органдар жария еткен мақсаттардың орындалуы күмән туғызатындығы туралы "Ақ жол" партиясына ескертпе хабарлар келіп түсуде.

Кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың негізгі арналары ретінде екінші деңгейдегі банктер әрекет ететін әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде олардың жекелеген жосықсыз қызметкерлері бөлінген қаражатты кәсіпорындарға жеткізуге емес, өздерінің кірістерін негізсіз молайтуға тырысады",- деп мәлім етті депутат.

Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау құралдарын банктер арқылы пайдаланған кезде көбінесе мына проблемаларға шағым айтады:

o Сұратылатын құжаттар санын және тиісті мемлекеттік бағдарламалар мерзімін бұзып, кредит шарттарын ресімдеу мерзімдерін (кейде бір жылға дейін) жөнсіз ұзартып жіберу;

o Қызмет көрсеткені үшін бағдарламаларда көзделмеген және тиісінше банктер жария етіп таратқан ақпараттарда мәлімделмеген қосымша комиссиялардың болуы;

o Декларацияланғаннан жоғарылатылған нақты пайыздық мөлшерлемелер;

o Форс-мажорлық себептерге байланысты (заңнама, мемлекеттік органдар әрекеті өзгерген және с.с.) қарыз алушы қиын жағдайға душар болған кезде кредиттерді қайта құрылымдаудан банктердің бас тартуы;

o Банк бөлетін кредит сомасынан 2-3 есе асып кететін құнымен кепіл мүлкін талап ету;

o Жобаларды банктің жалпы коммерциялық шарттарымен кредиттеуді ұсынумен пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жағдайында оларды қаржыландырудан бас тарту.

Курсив газетінің үстіміздегі жылғы 16 ақпандағы № 6 (432) санында "Сандж" Зерттеу орталығының деректері жарияланды, оған сәйкес сауал қойылғандар кәсіпкерлердің 59%-ы банк кредиттері ұзақ уақыт пен көп күш-жігер жұмсауды жөнсіз талап етеді, деп жауап берген. Кәсіпкерлердің 31%-ы банктерден қарыз алуға тек таныстық және байланыс болғанда ғана қол жеткізуге болатынына сенімді.

Сауал қойылған кәсіпкерлердің 14%-ы жекелеген банктер қызметкерлерінің сыйақыға қарыз беруді ұсынғанын айтты. Бұл орайда мұндайды мойындайтындар негізінен банктер кредит беруден бас тартқандар екенін назарға алу керек. Яғни мұндай ұсыныстар шын мәнінде әлдеқайда көп, өзінің келісімі іске асқан қарыз алушылар мұндай фактілер туралы жұмған аузын ашпағанды жөн санайды.

Мұндай сыйақының орташа мөлшері 2,7 мың АҚШ долларын құрайды, 40 мың АҚШ доллары деп айтқан сомалар да бар. Бұдан басқа, кредитті ресімдеу барысында банктердің қызметкерлері әртүрлі сыйлықтар, жең ұшынан жалғасуды, қызмет көрсетуді немесе демалыс ұйымдастыруды талап етеді.

Кредит беруден бас тартудың 20%-ы ғана жобалардың табыстылығы мен рентабельділігінің төмендігімен түсіндіріледі.

Басқа жағдайларда бас тарту кәсіпкерлердің объективтілікке күмәнін туғызады,- деген ойын білдірді А. Перуашев.

Мәселен, жағдайдың 29%-ында кепілдің жоқтығы дәлел болған, бұл орайда банктер кепілді кредит көлемінен 2-3 есе артық сұрайды, ал бағалауды жүргізетін компаниялар көбінесе банктің өзімен аффилиирленген, демек, кепілдің құнын жасанды түрде төмендетуге тікелей мүдделі болып шығады.

Ал әрбір бесінші кәсіпкер (19%) өздерінің кредит ала алмауының басты себебі банктің басшылығымен немесе қызметкерлерімен қажетті байланысының жоқтығынан екеніне сенімді. Бұл деректер тіпті Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы Басшысын да таң қалдырды.

Аталған сауалнамада нақты банктердің сыбайлас жемқорлық дәрежесі жөнінде де деректер келтірілген, алайда іскерлік этиканы негізге алып, біз бұл зерттеуді Парламентте жария ету мүмкін емес деп есептейміз. Сіз бұл деректермен аталған жарияланымнан таныса аласыз.

Жаһандану және қатаң халықаралық бәсекелестік жағдайында экспортқа бағдарланған өңдеуші кәсіпорындарды қалыптастыру көп жағдайда шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттің айтарлықтай ынталандыру шараларының көмегімен жүзеге асатынын дүние жүзілік практика көрсетіп отыр.

Бизнесті қолдау үшін ҚР Үкіметі бөлген қаржы ресурстарының негізгі бөлігі екінші деңгейдегі банктер арқылы бағытталатынын және елімізде қор жасаудың баламалы көзі іс жүзінде жоқ екенін ескере отырып, кәсіпкерліктің мемлекет бөлген қаражатқа қол жеткізуінің әділ, транспарентті және ашық механизмін жасау өте мақызды.

"Жоғарыда баяндалғанға байланысты Сізден банктер қызметінің реттеушісі ретінде Ұлттық банк аталған проблемаларды шешу және мемлекет бөлген қаражаттың кәсіпорындарды қолдау түрінде тікелей межелі жеріне жеткізілу бөлігінде қандай шаралар қолданып жатқандығын хабарлауыңызды сұраймыз",- деп түйіндеді "Ақ жол" партиясының төрағасы А. Перуашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны