05.04.2007, 18:05 2752

Изербайжан мен Қазақстан Трансазия-Еуропа байланыс желісінің Каспий сегментін салу жобасын жүзеге асыруды жеделдетуге келісті

БАКУ. 5-сәуір. Kazakhstan Today. Изербайжан мен Қазақстан Трансазия-Еуропа бағытындағы оптикалық магистральдық кабельді байланыс желісінің Каспий сегментін салу жобасын жүзеге асыруды жеделдетуге келісті. Бұл туралы Изербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Или Аббасов бүгін журналистерге мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай уағдаластыққа Бакуде ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов басқарған делегацияның 3-4-сәуірдегі ресми сапары барысында Изербайжан мен Қазақстанның тиісті құрылымдарының өкілдері арасындағы кездесулердің қорытындысы бойынша қол жеткізілді.

"Біз бұл жобаны жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Түйткілдер де аз болмады. Алайда, Қазақстан үкімет басшысының Бакуге сапары мен тиісті құрылымдардың жетекшілерімен жүргізілген келіссөздерден кейін біз жобаға қатысты жұмыстарды жеделдетуге және осы жобаның аясында Түркия, Қазақстан, Грузия және Изербайжан арасында тез арада консорциум құруға келістік",- деді министр.

И.Аббасовтың айтуынша, осындай консорциум құру Батыс пен Шығыс арасындағы ақпарат алмасу құнын арзандатуға мүмкіндік беріп, қазіргі бар Солтүстік-Оңтүстік байланыс желісіне үлкен балама болмақ.

Трансазия-Еуропа байланыс желісінің Каспий сегменті ағымдағы жылдың аяғында тартыла бастайды.

"Осы жылдың ішінде біз жоба жасау, тендерлерге дайындалуға қатысты барлық жұмыстарды аяқтап, жылдың аяғында құрылыс жұмыстарын қолға алуға тиіспіз",- деді И.Аббасов.

Оның бұған дейін хабарлағанындай, Каспий теңізінің түбі арқылы Сиазань (Бакуден солтүстікке қарай 120 шақырымда) мен Ақтау арасында байланыс желісін тарту құны шамамен 7-10 млн долларға тең.

Каспий арқылы 400 шақырымға созылатын жаңа желі Азия мен Еуропа елдері арқылы өтетін Трансазиялық -Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісінің бір тармағы болмақ. Трансазиялық -Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісі Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Иран, Түркия, Украина, Польша, Изербайжан, Грузия, Армения, Беларусь, Румыния, Венгрия, Австрия, Пәкістан, Ауғанстан елдерін қамтып, Германияның Майндағы Франкфурт қаласында аяқталады.

Қазіргі бар бағыт Түрікменстан мен Иран арқылы өтетіндіктен, Изербайжан аумағын айланып өтеді. Трансазия-Еуропа байланыс желісін Изербайжан арқылы тарту бағыттың ұзындығын 1000 шақырымға қысқартады. Бұл ақпаратты жіберу трафигін жеңілдетпек.
Қазақстан жағының пікірінше, бұл желіні тарту елімізге Закавказье мен Түркия, сондай-ақ, Батыс және Шығыс Еуропа арқылы Еуропаның телекоммуникациялық нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны