20.05.2008, 18:18 2410

Изербайжан мен Түрікменстан Каспий теңізінің мәртебесі бойынша келіссөздерді жалғастыруды маңызды деп санайды

Изербайжан мен Түрікменстан Каспий теңізінің мәртебесі бойынша келіссөздерді жалғастыруды маңызды деп санайды

Баку. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан мен Түрікменстан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бойынша Каспий теңізі жағасындағы елдердің ұстанымдарын қиыстыру жөніндегі келіссөздерді жалғастыруды маңызды деп санайды. Бұл туралы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов дүйсенбі күні Бакуде өткен келіссөздер нәтижелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына арнаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Каспий теңізі мәртебесінің тезірек шешілуі оның көміртегілік және биологиялық ресурстарын тиімді және көңілге қонымды түрде игеру үшін қолайлы жағдай жасауға, Каспий теңізі бассейнінің бірегей экологиялық жүйесін сақтауға және қорғауға, сондай-ақ, Каспийде белсенді экономикалық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бермек", - деп атап көрсетті Г. Бердімұхаммедов.

"Біз Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты жағалаудағы барлық бес мемлекеттің ұстанымдарын келісу жөніндегі конструктивті келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығы жайында бір пікірге келдік. Бұл мәселенің шешілуі Каспий өңірін бейбітшілік, тату-тәтті көршілік, тұрақтылық пен өзара тиімді ынтымақтастық аймағына айналдыру қажеттілігін тануға барып тіреледі", - деп атап көрсетті ол.

Оның айтуынша, Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияны жасау және оған қол қою барлық Каспий теңізінің жағасындағы мемлекеттердің бірінші кезектегі және аса тығыз мақсаты болып отыр.

Изербайжан президенті Ильхам Илиев өз кезегінде Түрікменстан мен Изербайжанның осы бағыттағы тиімді өзара іс-қимылдары бұл мәселенің көлемді реттелуіне ықпал ететінін атап көрсетті.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Изербайжанның өнеркәсіп және энергетика министрі Изербайжан Каспий мәртебесін шешу проблемасында Ресей мен Қазақстан мойындаған тәжірибеге және осы елдер ұлттық теңіз секторының шекарасын анықтауға қатысты қол қойылған келісімге сүйенетінін мәлімдеді. Оның пайымдауынша, бірінші кезекте қабылданған халықаралық норма негізінде орта сызықты анықтау қажет. Бұл даулы кен орындары бойынша шешім қабылдауға жәрдемдеспек.

Естеріңізге сала кетсек, Каспий мәртебесі жөніндегі саяси пікір қайшылықтарынан, сондай-ақ, екі мемлекеттің теңіз шекарасында орналасқан "Сердар" (әзербайжандар оны "Кяпяз" деп атайды) атты ірі мұнай кен орнынан болып президент Сапармұрат Ниязов кезінде Изербайжан мен Түрікменстан арасындағы қатынасты тоқтатқан болатын. Бұл кен орнындағы қор 80 млн тонна мұнай мен 32 млрд текше метр газды құрап отыр.

Елдер арасындағы диалог билікке 2007 жылдың ақпан айында Г. Бердімұхамедов келген соң қайта жанданды. Биылғы жылдың қаңтарында Баку мен Ашхабад экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссияның жұмысын жандандырып, Каспий теңізінің орта сызығын анықтау мәселесі жөнінде келіссөздер жүргізді. Ағымдағы жылдың наурыз айында Ашхабад өз елшісін Бакуге аттандырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны