16.10.2008, 16:34 2656

Изербайжан Республикасы президентінің сайлауына бақылау жасаған халықаралық бақылаушылар құрамында Қазақстан өкілдері де бар

Изербайжан Республикасы президентінің сайлауына бақылау жасаған халықаралық бақылаушылар құрамында Қазақстан өкілдері де бар

Астана. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжан Республикасы президентінің сайлауына бақылаушы ретінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясының мүшелері қатысты. Изербайжанның мемлекет басшысын сайлауға бақылау жасаған халықаралық бақылаушылар құрамында мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин бар, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД ПАА-ның бақылаушылар тобы құрамына ТМД елдері парламенттерінің 33 депутаты мен сарапшы-өкілдері енген. Бақылаушылар делегациясының жетекшісі - Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесі төрағасының орынбасары Светлана Орлова.

Айта кету керек, Изербайжан Республикасының президенті жалпы ашық және құпия дауыс беру нәтижесінде 5 жылға сайланады. 2003 жылғы қазанның 15-і күні Ильхам Илиев Изербайжан Республикасының президенті болып сайланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны