08.04.2008, 10:28 1155

Изербайжанда президент сайлауы 2008 жылдың 15 қазанында болады - Изербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Изербайжанда президент сайлауы 2008 жылдың 15 қазанында болады - Изербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Баку. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Изербайжанда президент сайлауы 2008 жылдың 15 қазанында болады, деп хабарлады брифингте тілшілерге Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов.

"Изербайжанның конституциясына сәйкес президент сайлауы президенттіктің бесінші жылында қазан айының үшінші сәрсенбісінде өткізіледі. Ал ол биыл 15 қазанға сәйкес келеді. Ресми түрде сайлау мерзімі сайлаудан 120 күн бұрн жарияланады және сол күннен бастап президенттікке үміткерлерді тіркеу басталады", - деді М. Панахов.

М. Панахов сондай-ақ, жақын уақыттарда ОСК халықаралық бақылаушыларды сайлауға шақыру мәселесін қарастыру мәселесіне кіріседі.

"Изербайжанда бақылаушыларды шақыру құқына парламент, Орталық сайлау комиссиясы мен Сыртқы істер министрлігі ие және біз жақында осы мәселе бойынша шешім қабылдауға кірісеміз", - деді ОСК басшысы.

Ол сондай-ақ, 2008 жылдың қаңтар айынан бері сайлаушылар тізімін нақтылау үрдісі басталғанын хабарлады. Алайда, олардың нақты саны тек мамыр айының аяғына қарай ғана анықталады. Алдын ала мәліметтер бойынша сайлауға қатысуға 4 834 584 адам құқылы. Олардың 52 пайызы нәзік жандылар болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны