14.03.2007, 18:03 3070

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы қатысушы елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасайды

Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы қатысушы елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасайды

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы ұйымға қатысушы елдердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасайды. Бұл туралы бүгін Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының үшінші отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында комиссия төрағасы Иван Матеров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаның жобасын жасамақшымыз. Онда бейбіт және соғыс уақытында қарулы күштер саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету форматтары қамтылады",- деді И.Матеров.

"Біздің болжауымызша, бағдарлама 2015-жылы аяқталуға тиіс. Ирине, әріқарай ол ұзартыла беретін болады",- деді ол. Комиссия төрағасының айтуынша, бұл бағдарлама комиссияның былтыр Бішкекте өткен екінші отырысы кезінде талқыланған.

"Комиссияның шешімімен барлық елдер 30-сәуірге дейін бағдарламаның жобасын жасауға қатысты өз ұсыныстарын хатшылыққа таныстыруға тиіс",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны