21.06.2006, 11:43 2625

Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммитінде 17 мәселе қаралады - Бордюжа

АЛМАТЫ. 21-маусым. Kazakhstan Today. 23-маусым, жұмада Минск қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммитінде 17 мәселе қаралады. Бұл туралы Минскіде өткен баспасөз мәслихатында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Беларусь БАҚ-тарына сілтеме жасап.

Н.Бордюжаның айтуынша, кейбір мәселелер бойынша, соның ішінде халықтыжаппай қырып жоятын қару-жарақ тарату проблемасы бойынша тараптар біртұтас ұстанымға келмекші. Жеңіл атыс қаруларының таралу проблемасы бойынша Беларусь Республикасының БҰҰ-ына арнаған мәлімдемесі қабылданады деп күтілуде. Есірткіге қарсы күрес пен басқа да қауіп-қатерлерге қарсы кейбір қадамдар туралы талқыланады деп күтілуде. Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отрысының қорытындысы бойынша ұйым іс-қызметінің тиімділігін арттыру туралы декларация қабылданады.

Сонымен бірге Н.Бордюжаның айтуынша, жұма күні түске дейін Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Тәжікстан және Қырғызстан президенттері Минск қаласында ЕурАзЭҚ форматында бас қосады. Түстен кейін мемлекет басшылары тар ауқымда кездеседі. Кездесуде президенттердің 24-маусымда Барановичи маңындағы бір полигонда өтеді деп межеленген “Одақ шебі -2006” оқу-жаттығуларның активті фазасына қатысуының орындалығы туралы шешім қабылданады. Егер президенттер бұл жаттығуларға қатысуға келісімін берсе, ондай жағдайда қорғаныс министрлеріне полигонға келуге пәрмен береді.

Сессияның алдында 22-маусымда Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының
сыртқы істер министрлерінің кеңесі, қорғаныс министрлерінің кеңесі мен қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысы өтіп, олардың барысында Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының мемлекет басшыларының қарауына ұсынылатын шешімдердің жобасы мақұлданып, аталған жарғылық органдардың құзыреті аясындағы басқа да шешімдер бекітіледі.




МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны