11.10.2007, 15:13 2728

Вильнюс қаласында ГУАМ-ға мүше мемлекеттердің саммиті болып өтті

Вильнюс қаласында ГУАМ-ға мүше мемлекеттердің саммиті болып өтті.

Баку. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Вильнюс қаласында ГУАМ-ға мүше мемлекеттердің ұйымның құрылуына 10-жыл толуына арналған саммит болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Изербайжан президентінің әкімшілігіне сілтеме жасай отырып.

Саммит жұмысына Изербайжан президенті Ильхам Илиев, Украина президенті Виктор Ющенко, Грузия президенті Михаил Саакашвили, Литва президенті Валдас Адамкус, Латвия президенті Валдис Затлерс, Литвадағы Молдова істерін жауаптанған уақытша сенімді өкілі Иона Сиорни және АҚШ энергетика министрі Клейтон Селл қатысты.

Саммитті аша отырып, Изербайжан президенті өткен он жылдықта ГУАМ Еуроодақ пен басқа да халықаралық құрылымдардың қолдауына ие болған маңызды халықаралық ұйымға айналғандығын атап көрсетті. Ұйым өзге мемлекеттермен байланыстарын кеңейте түсуде. ГУАМ-АҚШ, ГУАМ-Польша, ГУАМ-Жапония аясында кездесулер өткізілген.

И. Илиев ГУАМ аясындағы бірлескен қызметтің негізгі бағыттары еуроатлантикалық интеграция, демократиялық үрдістердің дамуы, экономикалық ынтымақтастық екендігін атап өтті.

"Біздің серіктестікті кеңейтуге, еуроатлантикалық интеграцияға және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-әркеттеріміз осы мәселелерді шешуге көмектеседі", - деді И. Илиев.

ГУАМ елдерінің өзге мемлекеттермен ынтымақтастығы туралы сөз қозғай отырып, Виктор Ющенко, Украинаның Балтық жағалауы мемлекеттеріне электр қуатын жеткізу ниетін ортаға салды.

Саммит қорытындысы бойынша Декларация қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны