21.05.2009, 13:45 1171

Владимир Путиннің Қазақстанға сапары барысында екі елдің 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген бөліктерін жүзеге асыру барысы талқыланады

Владимир Путиннің Қазақстанға сапары барысында екі елдің 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген бөліктерін жүзеге асыру барысы талқыланады

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Владимир Путиннің Қазақстанға сапары барысында екі елдің 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген бөліктерін жүзеге асыру барысы талқыланады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанға 21 мамырда жұмыс сапарымен РФ үкімет басшысы Владимир Путин келеді.

СІМ ақпаратына сәйкес, В. Путиннің сапары барысында Қазақстан мен Ресейдің 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген бөліктерін жүзеге асыру барысы талқыланбақшы. Соның ішінде отын-энергетикалық кешен, соның ішінде атом энергетикасы, "Байқоңыр" кешені бойынша келісім-құқықтық базаны жетілдіру, трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау мәселелері бар.

ҚР СІМ мәліметінше, сапардың өзектілігі Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі бекіте түсу қажеттігіне, екі ел арасындағы бүгінге дейін қол жеткізілген ынтымақтастық деңгейін сақтап қалу және тереңдете түсу мақсатында қаржылық-экономикалық дағдарысты еңсеру іс-қимылдарын үйлестіру, сонымен бірге, Кедендік одақты құру мақсатында өзара мүддені қамтамасыз ету мәселелерін талқылау мүмкіндігіне байланысты.

22 мамырда В.Путин ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны