22.01.2007, 16:58 2971

Владимир Школьник басқарған еліміздің өкілдері Давос форумына қатысады

АСТАНА. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Владимир Школьник басқарған еліміздің өкілдері Давоста қаңтардың 24 мен 28 аралығында өтетін Бүкіләлемдік экономикалық форумның жыл сайынғы отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Форум барысында делегация жетекшісі Владимир Школьник Қазақстанға қатысты интерактивті бизнес-сессияда сөз сөйлейді деп күтілуде",- деп атап өткен елші "еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың өз кезегінде "Мұнай осі" атты сессияда сөз сөйлейтінін" жеткізді.

Сондай-ақ, жыл сайынғы отырысқа қатысушылармен жоғарғы деңгейдегі екі жақты кездесулер күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны