27.06.2007, 17:01 2978

Заң саяси партияларға сайлауға қатысу үшін тіркелуге дейін өз іс-қызметін жарнамалауға тыйым салмайды - ОСК

АСТАНА. 27-маусым. Kazakhstan Today. Саяси партиялардың мәжіліс сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін тіркемей тұрып өз іс-қызметіне жарнама жасауы заңды болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың түсініктемесіне сілтеме жасап.

"Жарнама жөніндегі және саяси партиялар туралы заңдарға сәйкес олар өз партиясының іс-қызметіне жарнама жасай алады. Бұған заң жүзінде тыйым салынбаған",- деді бүгін В.Фоос ОСК отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында. "Саяси науқан тек сайлау қарсаңында қызады. Өз қатарынан ресми түрде үміткерлердің атын ұсынған саяси партия осы сәттен бастап сайлауға қатысатын саяси партия, үміткер атанады",- деді ол. "Ал үміткерлердің атын ұсыну процессі партиялық тізім құру үшін құрылтай өткізу мен осы тізімді Орталық сайлау комиссиясына таныстырудан тұрады",- деді В.Фоос. "Осы сәтке дейін жарнама жасауға болады. Осы сәттен бастап "Сайлау туралы" заңның үгіт-насихат туралы 28-бабы күшіне енеді. ОСК бұдан кейінгі жарнаманы жанама жарнама деп санайды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны