28.08.2006, 15:17 3257

Жапония үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келді

АЛМАТЫ. 28-тамыз. Kazakhstan Today. Жапония үкімет басшысы Дзюнъитиро Коидзуми бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша ресми сапармен елімізге келді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Шамамен бір сағат бұрын Жапония үкімет басшысы мінген ұшақ Елордасы әуежайына келіп қонды.

Иуежайда Жапония үкімет басшысын ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев, еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов, Жапониядағы Қазақстан елшісі Болат Нұрғалиев пен Астана әкімінің орынбасары Марат Толыбаев күтіп алды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында Дзюнъитиро Коидзуми ел басшылығымен кездесулер өткізіп, олардың барысында халықаралық ахуал және БҰҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жаңалау мәселелері талқыланады. Сонымен бірге Қазақстан президенті мен Жапония үкімет басшысы "Орталық Азия+Жапония" диалогын дамыту, Орталық Азия аймағындағы ахуал, екі жақты қарым-қатынас, экономика саласындағы ынтымақтастық проблемаларын талқылайды.

Жапония қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 2005-жылдың қорытындысы бойынша 512 млн. долларды құрап, Жапонияның Қазақстан экономикасына жұмсаған инвестициясының көлемі 1993-2005-жылдар аралығында 1 млрд. долларға жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны