04.01.2012, 09:33 3629

ЖСДП Алматыдағы бөлімшесінің бұрынғы басшылары "Ақ жол" партиясының құрамына өтпек ниеттерін танытты

ЖСДП партиясының бірнеше мүшесі өздерінің партиядан шығатындықтары жөнінде мәлімдеді. Мұндай шешім қабылдауының себептерін олар сейсенбі күні Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Алматы. 4-қаңтар. Kazakhstan Today - ЖСДП Алматыдағы бөлімшесінің бұрынғы басшылары "Ақ жол" партиясының құрамына өтпек ниеттерін танытты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ЖСДП партиясының бірнеше мүшесі өздерінің партиядан шығатындықтары жөнінде мәлімдеді. Мұндай шешім қабылдауының себептерін олар сейсенбі күні Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Олардың айтуынша, қатардағы мүшелердің көңілін қалдырған партияның республикалық басшылығының жүргізіп отырған саясаты көрінеді. Сонымен қатар ЖСДП қатарынан шығушы 4 адам - Нұрлан Айшымбаев, Марат Рғалиев, Нұрлан Шудабаев пен Ермек Мырзахметов - "Ақжол" демократиялық партиясына кіруге өтініш берді.

Партиядан шығушылар бұрынғы серіктері туралы "басшылық аймақ бөлімшелерінде болып жатқан жағдайларға немқұрайды қарайды, тіпті олардың тарапынан толғандырған сауалдарға жауап та берілмейді.

"Сайлау науқаны кезінде белгілі бір тұлғаларды ғана жарнамалауға күш жұмсалуда, ал халықтың мұң-мұқтажын ойлап жатқан ешкім жоқ. Партия алдында қойып отырған біздің талап- тілектеріміз де мүлде ескерілмейді", деп өз наразылықтарын білдірді.

"Партияның алматылық өкілдері "оларға билік жеке мүдделері үшін ғана керек екендігіне көзіміз әбден жетті", - деп мәлім етті Нұрлан Айшымбаев пен оның әріптестері оларға жақынырақ партия "Ақжол" партиясы екені ашық айтуда.

"Ақжол" партиясы қоғамды ыдыратпай, қайта ынтымаққа жұмылдыратын партия. Сол үшін осы партияны таңдадық", - деген мәлімдеме жасады олар.

Азат Перуашев бастаған жаңарған "Ақжол" партиясы оларды көбірек қызықтырады екен.

"Мен Азат Перуашевтің қызметімен көптен таныспын. Исіресе, оның сайлауалды бағдарламасындағы тың ойлар, нақты шешімдер көңілімізге қонады. Тіпті тіл туралы айтқан пікірлері бүгінгі өзекті мәселе болып табылады", - деп атап көрсетті өзінің қабылдаған шешіміне түсініктеме берген ЖСДП-ның бұрынғы мүшесі, алматылық Нұрлан Айшымбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны