23.12.2025, 15:15 31991
Alatau City жобасы: Қанат Бозымбаев әлемнің жетекші сәулет бюроларының өкілдерімен кездесті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының сәулеттік даму тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты. Әлемге танымал екі компания - Zaha Hadid Architects және Skidmore, Owings & Merrill LLP (SOM) өздерінің авторлық идеяларын ұсынды. Бұл компаниялар портфолиосында Дубайдағы Burj Khalifa, Нью-Йорктегі One World Trade Center, Бейжіңдегі Leeza SOHO сынды әйгілі биік ғимараттар бар, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көрсетілген жобаларда Alatau City қаласының дизайн-коды мен қаланың танымал белгісіне айналатын Iconic building жобасының нобайы таныстырылды. Ұсынылған шешімдер заманауи халықаралық сапа стандарттарын ескере отырып, тік бағыттағы құрылысты және аса биік ғимараттар салу ісін дамытуға бағдарланған.
Сондай-ақ қалалық ортаны кешенді түрде дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл ретте көлік инфрақұрылымы, кіреберіс магистральдар, табиғи ландшафттар мен аймақтың климаттық ерекшеліктері ескерілді. Қоғамдық кеңістіктерді басым бағыт ретінде дамыту да маңызды бөлік ретінде қарастырылды.
Кездесу соңында Қанат Бозымбаев сәулет бюроларының өкілдеріне ұсынған идеялары үшін алғыс білдіріп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.04.2026, 18:27 3586
Қазақстан CERAWeek конференциясында мұнай саласын дамытудың басым бағыттарымен таныстырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясы аясында қазақстандық дпелегация "Мұнай нарығының жаһандық болжамы: іргелі факторлар және геосаяси турбуленттілік" атты сессияға қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласының қазіргі жағдайын таныстырды. Елдің әлемдік нарыққа сенімді энергия ресурстарын жеткізуші ретіндегі рөлін сақтап отырғаны аталып өтті.
Министр сала алдында тұрған негізгі сын-қатерлерді, соның ішінде энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін, атап айтқанда Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі экспортталатын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігін белгіледі. Бұл бағыттың ұлттық экономика үшін аса маңызды екені және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігі ерекше аталып өтті.
Сондай-ақ, баяндамада мұнай-газ саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Министр салықтық жеңілдіктерді көздейтін және геологиялық барлау мен көмірсутектер өндіруге жаңа инвестициялар тартуға бағытталған Жетілдірілген үлгілік келісімшарттың қолданыста екенін атап өтті.
Сонымен қатар, мұнай-газ химиясын дамыту бойынша стратегиялық жоспарлар да айтылды. Қазақстан мұнай өңдеу қуаттарын екі есеге арттыруды көздейді, бұл ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, Орталық Азия өңіріндегі мұнай өнімдерін жеткізуші ретіндегі елдің жайғасымын нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, CERAWeek конференциясы аясында Энергетика министрі Е.Ақкенженов АҚШ Энергетика министрі К.Райтпен және америкалық ірі мұнай-газ компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2026, 21:15 3151
Қазақстан мен Өзбекстан одақтастық қатынастарды дамытуды және стратегиялық диалогты нығайтуды жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ташкентке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары көп қырлы қазақ-өзбек ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін қарастырып, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Тараптар достыққа, өзара түсіністікке және тату көршілікке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастықты тереңдетуге бейілділіктерін растады.
Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында соңғы жылдары қазақ - өзбек қатынастары сапалық жаңа деңгейге көтеріліп, барлық деңгейлерде жоғары даму қарқынын көрсетуде", - деп атап өтті Е.Көшербаев.
Өз кезегінде Б.Саидов екі ел президенттері екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты кезең-кезеңімен кеңейтуге ұзақ мерзімді бағытты айқындағанын растады.
Осы тұрғыда сыртқы саяси ведомстволардың басшылары 2024-2025 жылдары өткен Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші және екінші отырыстары барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыру шараларын жан-жақты талқылап, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.
Соңғы жылдары экономикалық ынтымақтастықты тереңдету бағытында елеулі ілгерілеуге қол жеткізілді. Қазақстан Өзбекстанның ең ірі үш сауда серіктесінің қатарында тұрақты түрде орын алады. 2025 жылы өзара сауда көлемі 16,2 пайызға артып, 5 млрд АҚШ долларына жуықтады", - деді Е. Көшербаев. Қол жеткізілген уағдаластықтарды жоғары деңгейде іске асыру аясында министрлер экономикалық серіктестікті одан әрі тереңдетуге, оның ішінде өзара сауда көлемін 10 млрд долларға дейін ұлғайтуға жәрдемдесу ниеттерін растады.
Сондай-ақ, тараптар қазіргі таңда жалпы көлемі 1,8 млрд долларды құрайтын 78 инвестициялық жобаны қамтитын өнеркәсіптік кооперация саласындағы жетістіктерді атап өтті.
Осы тұрғыда "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салу, Астана қаласындағы "Ташкент" және Ташкент қаласындағы "Астана" қонақ үйлерінің, сондай-ақ "Янги Ташкенттегі" "Астана" орамының құрылысы сияқты жобаларды іске асыру барысы қаралды.
Кездесу барысында екі елдің Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия және Еуропа нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін көлік дәліздерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуеті атап өтілді. Осы бағыттағы жемісті өзара іс-қимылды дамытуға дайын екендіктері білдірілді.
Сонымен қатар, екі ел арасындағы берік және ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың негізі болып табылатын мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың мазмұнды күн тәртібі атап өтілді.
Сондай-ақ, тараптар білім беру саласындағы жобаларды іске асырудың маңыздылығын, атап айтқанда, Алматы қаласындағы Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты мен Шыршық қаласындағы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің филиалдарының жұмысын атап өтті.
Министрлер сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделіліктерін растады және екі мемлекеттің бастамаларын ілгерілетуде өзара қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік ынтмақтастықты дамыту мен Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 2026-2027 жылдарға арналған Казақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2026, 20:48 13916
Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық тандемді нығайтуды жалғастыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ташкентке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбаттасу барысында Ш.Мирзиёев екі мемлекет арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың оң серпінмен дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебізін және ізгі тілектерін жеткізіп, жоғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы туралы хабардар етті.
Бүгінде қазақ-өзбек қатынастары халықаралық аренадағы сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылады. Бұған, ең алдымен, жоғары деңгейдегі тұрақты әрі сенімді саяси диалог ықпал етуде", - деді Е.Көшербаев.
Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері де талқыланды.
Қазақстан мен Өзбекстанның көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейі, сондай-ақ өңірлік кооперацияны одан әрі дамытудың, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2026, 13:45 14181
Астана мен Скопье саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары саяси консультациялардың 3-ші раунды күн тәртібінің негізгі тақырыбына айналды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов пен Солтүстік Македония Сыртқы істер және сыртқы сауда министрінің орынбасары Зоран Димитровски екіжақты қарым-қатынастардың үдемелі дамуын атап өтті, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Дипломаттар Президент Гордана Силяновска-Давкова мен Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің 2025 жылы Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларына жоғары баға берді.
Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді талқылады.
Келіссөздердің маңызды тақырыбы өзара сауданы жандандыру және оның құрылымын ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, туризм, білім, мәдениет сияқты салаларда әртараптандыру болды. Шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективалары, оның ішінде ұлттық паспорт иелері үшін визасыз режим енгізу мүмкіндігі қарастырылды.
Солтүстік Македония Сыртқы істер министрлігінің басшылығы Қазақстанды 15 наурызда өткен референдумда жаңа Конституцияның сәтті қабылдануымен құттықтап, реформалар елдің одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
А. Исетов: "Қазақстан Солтүстік Македония Республикасымен көпқырлы қарым-қатынастарды жан-жақты тереңдетуге ерекше мән береді. Былтыр
30 жылдығы аталып өткен елдер арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап басым салалардағы өзара іс-қимылдың оң динамикасы сақталуда", - деп атап өтті.
Қорытындылай келе, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі белсенді дамуына ықпал етуге дайын екендіктерін білдіріп, бірлескен бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық шараларына және екі ел экономикасының әртүрлі секторларына өзара инвестиция тартуға ерекше назар аударылатын болады.
Осыған байланысты дипломаттар биыл сәуір айында Скопьеде Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастыруды және оның аясында жоспарланған сауда-өнеркәсіп палаталары арасында Іскерлік кеңес құруды құптады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 15:42 14421
Канадада Қазақстанның конституциялық реформалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Канада Парламенті Сенатының ғимаратында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау және қазақстан-канадалық қарым-қатынастарды дамыту перспективаларына арналған сараптамалық-талдамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Канаданың саяси, парламенттік және сараптамалық ортасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дөңгелек үстелдің ашылуында сенатор Клемент Жиньяк Қазақстан мен Канада арасындағы парламентаралық диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, канадалық тараптың Астанамен саяси және экономикалық салаларда жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндама жасады.
Кездесу барысында конституциялық реформаға және ү.ж. 15 наурызда өткен конституциялық референдумның қорытындыларына ерекше назар аударылды. Елшілік арнайы шақырған сарапшы - Maqsut Narikbayev University қауымдастырылған профессоры, Гарвард университетінің шақырылған зерттеушісі М.Хасенов жаңа Конституцияның маңызы мен оның Қазақстан Республикасының одан әрі саяси дамуына әсері туралы жан-жақты баяндады.
Қатысушылар Конституция бойынша өткен дауыс беру қоғам белсенділігінің жоғары деңгейін және азаматтардың маңызды саяси үдерістерге қатысуын тағы бір мәрте растағанын атап өтті.
Жалпы, іс-шара мен оның аясындағы пікірталастар Қазақстандағы ішкі саяси реформаларға жоғары қызығушылық бар екенін көрсетті. Канадалық тарап өкілдері жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелілігін атап өтіп, еліміздегі трансформациялық үдерістерді одан әрі зерделеуге қызығушылық білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар осындай сараптамалық кездесулерді жалғастыруға және қазақстан-канадалық диалогты одан әрі дамытуға ниетті екендерін жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 14:10 77416
Аустрия Орталық Азия елдерімен парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуде
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Аустрияның Орталық Азия өңірімен өзара іс-қимылды жандандыруы, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастық форматын дамыту аясында Орталық Азия елдері мен Моңғолия елшілерінің Аустрия парламентінің достық тобы мүшелерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында аустриялық достық тобының басшысы, Ұлттық кеңес депутаты Мартин Хофер Орта Азияның жаһандық саясаттағы маңызының артып келе жатқанын атап өтіп. Еуропалық одақ үшін өңірдің стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Аустрия Орталық Азия мемлекеттерімен әріптестікті кеңейтуге айрықша мән береді және түрлі салаларда сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылады. Парламентаралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Аустрия мен Орта Азия елдерінің ортақ ұстанымдары, соның ішінде демократияны нығайтуға деген ұмтылысы бар екені айтылды.
Қазақстанның Австрия Республикасындағы Елшісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан-Аустрия қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы атап өтті. Сонымен қатар, аустриялық депутаттары, достық тобының мүшелеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалар, елдің ішкі және сыртқы саяси басымдықтары жөнінде айтардықтай ақпаратты жеткізді.
Қазақ Елшісі кездесу барысында жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі ісшаралар және референдумның нәтижесіне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы ұсынған негізгі заңдағы басты жаңашылдықтар, жаңа Құрылтадыйң құрылуы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселелері кеңінен таныстырды.
Сонымен қатар М.Тілеуберді парламентаралық ынтымақтастықтың кең форматтағы өзара іс-қимылдағы маңыздылығын атап өтті. Елші екі ел парламентаралық байланыстардың белсенділігі артып келе жатқанын атап өтті.
Орта Азия елдері мен Моңғолия елшілері де өз мемлекеттеріндегі реформалардың жүзеге асырылу барысы мен аустриямен екіжақты байланыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, олар альп республикамен, яғни Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және Парламентаралық одақ сияқты көпжақты құрылымдар аясында парламентаралық байланыстарды дамытуға қызығушылық білдірді.
Аустриялық депутаттар Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру үдерісін құптап, биылғы қыркүйек айында Қазақстанға сапармен бару жоспарымен бөлісті, Бұл қадам парламентаралық диалогқа қосымша серпін беретінін сенім білдірді.
Кездесу соңында М.Хофер әріптестері атынан Орталық Азия елдері мен Моңғолиямен байланыстарды нығайтуға дайын екенін білдіріп, өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуге ықпал ету ниетін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 13:53 113016
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Шаңхайда таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Шаңхай қаласында Бірінші халықаралық шетел инвестициялары конференциясы өтті (Overseas Investment Fair 2026), деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған іс-шара Қытай компанияларының шетелдік инвестициялық қызметін ілгерілетуге бағытталған жаңа мамандандырылған алаңы ретінде қарастырылып отыр. Қытайдың халықаралық инвестицияларды ілгерілету жөніндегі кеңесі, Шаңхай қаласының муниципалдық үкіметі мен бейінді мемлекеттік құрылымдары бұл іс-шараны Shanghai Eastern Hub International Business Cooperation Zone базасында ұйымдастырды.
Қазақстан тарапынан іс-шараға Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулы Нұрлан Аққошқаров, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, сонымен бірге "QazTrade" Акционерлік қоғамының Нанкин, "Khan Tengri Innovation Hub" компаниясының Шаңхай қалаларындағы өкілдері қатысты.
Конференция жұмысы шетел инвестициялары тақырыбына арналған көрмелер, G2B/В2В кездесулер мен келіссөздер форматында өтті. Форум жұмысына халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, инвестициялық агенттіктердің, сауда-өнеркәсіп палаталары мен іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Fortune Global 500 деңгейіндегі корпорацияларды қоса алғанда, ірі қытайлық және халықаралық компаниялар қатысты.
ҚР-дың Шаңхай қаласындағы Бас консулдығы Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстыруға арналған жеке панельдік сессиясын ұйымдастырды. Бас консул Н.Аққошқаров аталған сессия кезінде қатысушыларды инвестицияларға арналған елдегі шараларымен таныстырды. Таныстыру кезінде Еуразиялық хаб ретінде Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетіне, ЕАЭО, Орталық Азия және Еуропа нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етудегі рөліне, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қ.Есболатов сессияда Алматы облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру кезінде, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдық берілетін салалары, өнеркәсіп кешендері мен туристік әлеуеттері мен басқа инвестжобаларды таныстырды. Алматы облысында салуға жоспарланған Alatau City жаңа қаласы туралы ақпарат Қытай инвесторлары арасында қызығушылық тудырды.
Сессиядан кейін ҚР Бас консулдығы ұйымдастырған G2B/B2B форматындағы екіжақты келіссөздер барысында қытайлық компаниялары өндіріс және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу, логистикалық бағыттарды дамыту, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері талқыланды.
Қорытындылай келе, OIF 2026 форумына қазақ тарапының қатысуы ҚХР жаңа бейінді алаңында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін жүйелі түрде ілгерілетуге, әлеуетті инвесторлармен тікелей байланыстар орнатуға және бірлескен инвестициялық жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2026, 12:49 113466
Әзербайжан Қазақстан Президентінің халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын қолдайды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байелдің Әзербайжан Республикасы Президентінің климат мәселелері жөніндегі өкілі Мұхтар Бабаевпен кездесуінде мәлімденді. Тараптар экологиялық күн тәртібіндегі мәселелерді, Каспий теңізінің экожүйесін сақтау, алдағы бірлескен іс-шараларға дайындық және табиғатты қорғау саласындағы халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ә.Байел әзербайжан тарапын 2026 жылғы 22-24 сәуір күндері Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммит жұмысына белсенді қатысуға тағы да шақырды. Саммит аясында Каспий теңізі деңгейінің төмендеу себептерін зерттеу жөніндегі бірлескен жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді. Тараптар бұл кездесудің Каспий теңізі акваториясында бірыңғай өңірлік экологиялық қауіпсіздік жүйесін құру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт білдірді.
Елші сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жүйесі аясында толыққанды су ұйымын құру жөніндегі бастамасы туралы айтып берді. М. Бабаев Әзербайжан Республикасы Қазақстан көшбасшысының бұл бастамасын толық қолдайтынын мәлімдеп, бұл қадамды жаһандық климаттық сын-қатерлер жағдайында су ресурстарын басқару саласында қордаланған мәселелер тұрғысынан аса өзекті деп сипаттады.
Әзербайжан Президентінің өкілі мұндай ұйымды құру бастамасының уақтылы екенін атап өтті. Оның айтуынша су мәселелері бүгінде тек экологиялық сипатқа ие болып қана қоймай, қауіпсіздік пен экономикаға да тікелей әсер етеді, сондықтан оларды жүйелі түрде шешу қажет.
М. Бабаев Астана мен Бакудың қоршаған ортаны қорғау және климат мәселелеріндегі күш-жігерінің үйлесуі екі елдің ұлттық мүдделеріне сай келетінін, сондай-ақ бүкіл Каспий өңірінің орнықты дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Жалпы, тараптар қазақ-әзербайжан қатынастарының даму қарқынын жоғары бағалап, экология саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделіліктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
02.04.2026, 10:06"Әлем тірі": Алматы аспанындағы тырналардың ұшуы жұртты толқытты
26.03.2026, 20:42 175371Сан-Франциско қаласында Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 19:28 175061Болгарияның ең көне университетінде Наурыз мерекесі аталып өтті26.03.2026, 21:44 175011Сеулде Наурыз мерекесіне арналған кітаптың тұсаукесері өтті26.03.2026, 22:47 174931Баку Наурыз мерекесін қазақы үлгіде кең көлемде атап өтті27.03.2026, 09:58 173601Қазақстан мен Иран СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі өтті
17.03.2026, 17:12 251786Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект16.03.2026, 19:22 251561Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артады17.03.2026, 13:32 251301Қазақстан туризмді қолдауды күшейтеді: жаңа заң сала мен туристер үшін нені өзгертеді04.03.2026, 10:54 239451Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады16.03.2026, 16:56 237466Астанада 1-3 қазан күндері AI & Digital Bridge 2026 халықаралық IT-форумы өтеді

