13.10.2025, 17:41 90626
Арал теңізі бассейнінде 40-тан астам экологиялық жоба жүзеге асырылып жатыр
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Астанада Қазақстанның төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының екінші отырысы өтті. Жиынға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен іс-шараға су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Сулаймон Зиёзода және Түрікменстанның ауыл шаруашылығы министрі Чарыяр Четиев қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Бақылаушы ретінде Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі Су ресурстары қызметі директорының орынбасары Абдыбай Жайлообаев қатысты.
Бүгінде халықаралық қоғамдастық бізден тек мәлімдемелер емес, нақты шешімдер күтеді. Арал теңізінің тағдыры, трансшекаралық суды тиімді әрі әділ пайдалану, табиғи ресурстарды сақтау - аймақтық қана емес, жаһандық маңызы бар мәселелер. Олар орнықты даму, азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздік, сондай-ақ миллиондаған адам тұрмысының сапасымен тікелей байланысты. БҰҰ Бас Ассамблеясының соңғы отырысында екі ел басшылары қоршаған ортаны қорғау үшін сенім, ынтымақ және бірлескен әрекеттердің маңызды екенін атап өткен болатын. Қазақстан бұл көзқарасты толық қолдайды", - деді өз сөзінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Кездесуде тараптар келесі жылы сәуір айында өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына дайындық барысын, сондай-ақ Қазақстанның 2024-2026 жылдардағы төрағалығы кезеңінде Атқарушы комитеттің жұмыс жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Жиынға қатысушылар Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасының және Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаның орындалу барысын талқылады. Сондай-ақ олар Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымы мен құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының қызметін қарастырды.
Қазіргі уақытта Арал теңізі бассейнінде 42 экологиялық жоба іске асырылып жатыр. Сонымен қатар Дүниежүзілік банктің қолдауымен екі аймақтық гранттық жобаны бастау мүмкіндігі пысықталуда.
Отырыста қатысушылар Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің 26 наурызды Арал теңізі, Әмудария және Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау туралы ұсынысын назарға алды.
Кездесу соңында Халықаралық Аралды құтқару қоры басқармасының шешімдеріне қол қою рәсімі өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.12.2025, 19:55 8261
Қазақстан мен Мажарстан стратегиялық экономикалық және инвестициялық серіктестікті нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық даму және өнеркәсіп жөніндегі мемлекеттік хатшысы Мате Лога мырзамен және Мемлекеттік хатшының орынбасары Мартон Бокай мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Мажарстанның Қазақстан үшін Орталық және Шығыс Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктес екеніне назар аударды. Екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың тұрақты түрде дамып келе жатқаны қанағаттанушылықпен аталып өтіп, оны одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік білдірілді.
Елші А.Сапарбекұлы Мажарстанға экспорт құрылымын әртараптандыруды және металлургия, мұнай-химия, машина жасау, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс материалдары салаларындағы өнімдер есебінен экспорт көлемін 700 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын растады. Инвестициялық ынтымақтастық саласында Мажарстан Қазақстанның маңызды серіктесі ретінде бағалап, 2005 жылдан бері Мажарстаннан Қазақстанға тартылған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 409 млн АҚШ долларынан асқанына мән берді.
Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының қызметіне ерекше назар аударылды. 2008 жылы құрылған Комиссия екіжақты экономикалық қатынастарды дамытудағы маңызды алаңға айналды. Тараптар Комиссияның 9-отырысын 2026 жылы Астанада өткізуге үміт білдіріп, бұл сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ықпал ететініне сенім білдірді. Осы орайда 2023 жылы өткен Комиссияның 8-отырысының Хаттамасы аясында қабылданған келісімдердің орындалу барысы туралы ақпарат алмасудың және келесі отырыстың күн тәртібіне енгізілетін жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылаудың маңыздылығы аталып өтті.
Екіжақты ынтымақтастықтағы маңызды бастамалардың бірі - бастапқы капиталы 100 млн АҚШ долларын құрайтын Қазақстан-Мажарстан бірлескен инвестициялық қорының құрылуы. Тараптар осы Қорды құру жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға және екі ел экономикасының орнықты дамуына бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 18:49 8501
Бакуда қазақ-әзербайжан қатынастары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның Бакудағы Елшілігінде Қазақстан-Әзербайжан қатынастарына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шараға Қазақстан Республикасының Әзербайджандағы Елшісі Әлім Байел, Әзербайжан Республикасының Парламент депутаты Азер Аллахверенов, Халықаралық қатынастарды талдау орталығының басқарма төрағасы Фарид Шафиев, Оңтүстік Кавказ Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Фархад Мамедов, "Оңтүстік Кавказ" саясаттанушылар клубының төрағасы Илгар Велизаде, Кавказ тарихы орталығының директоры Ризван Гусейнов, STEM аналитика орталығының директоры Орхан Йолчуев, "Атлас" зерттеу орталығының жетекшісі Елхан Шахиноглу, "Баку саясаттанушылар клубы" қоғамдық бірлестігі төрағасы Заур Мамедов және дипломаттар қатысты.
Сарапшылар 2025 жылдың қазан айында өткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммитіне қатысу үшін Әзербайжанға сапары мен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарының нәтижелерін жоғары бағалады. Сонымен қатар, екіжақты саяси диалогтың бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуы барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықтың артуына жағдай жасап, энергетика мен көлік салаларында бірқатар бірлескен стратегиялық жобалардың жүзеге асырылуына серпін беріп отырғанына мән берілді.
Бұл тұрғыда Әлім Байел Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ), Қазақстан мұнайы мен уранының Әзербайжан арқылы экспортталуы, 2026 жылы аяқталатын Каспий теңізінің түбімен талшықты оптика байланыс желісінің тартылуы сияқты ірі жобалардың маңыздылығын атап өтті. Дипломат Қазақстанның 2025 жылы алғаш рет Әзербайжан нарығына бидай жеткізуші басты елге айналғанын және бұл жетістікті нығайтуға үмітті екенін білдірді.
Елші сондай-ақ 2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президентінің халыққа арнаған жолдауында айтылған негізгі ойлар туралы әзербайжандық сарапшыларды хабардар етті. Дипломат әсіресе әзірленіп жатқан парламент реформасы мен Қазақстандағы жасанды интеллектке берілетін зор маңызға тоқталды.
Әңгіме барысында сарапшылар Түркі мемлекеттері ұйымының маңызының артып келе жатқанын атап өтіп, ұйымға төрағалық ету кезеңінде Әзербайжанның негізгі басымдықтары туралы өз ойларымен бөлісті. Депутат А. Аллахверенов ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтік емес ұйымдар платформасының Бакуда құрылып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде, Орхан Йолчуев ТМҰ-ға мүше мемлекеттерден жас ғалымдар мен мамандар үшін әуе рейстерін субсидиялауды ұсынды. Оның пікірінше, осылайша бауырлас елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға болады.
Әзербайжанның жақында Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық форматына қосылғанын ескеріп, Фарид Шафиев 2026 жылы C6 аналитикалық орталықтар форумын өткізу ұсынысын білдірді. Сонымен қатар, осындай форумды Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі аясында өткізу ұсынысы да жасалды. Өз кезегінде, Фархад Мамедов Әзербайжан мен Армения арасындағы нормализация процесі туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Әзербайжан 2026 жылы бұл бағытта одан әрі ілгерілеуді күтіп отыр. Оның пікірінше, жақында Қазақстан бидайының Әзербайжан арқылы Арменияға жеткізіле бастауы маңызды қадамдардың бірі болды.
Сонымен қатар, шара барысында энергетика мен көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық, ғылыми-сараптамалық кооперация, мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелері бойынша сарапшылардың пікірлері тыңдалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 16:45 8861
Қазақстан Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясына қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан делегациясы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың басшылығымен "Өміршең планета үшін тұрақты шешімдерді ілгерілету" тақырыбындағы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі Ассамблеясының (ЮНЕА-7) 7-ші сессиясына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Вице-министр М.Ошурбаев қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелеін талқылау мақсатында Кения Республикасының Қоршаған орта, климаттың өзгеруі және орман шаруашылығы министрі Дебора Бараса, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - ЮНЕП-тің Атқарушы директоры Ингер Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-Хабитаттың Атқарушы директоры Анаклаудия Россбах ханымдармен кездесті.
Ассамблеяда ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР-дың БҰҰ-ның Найробидегі бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Б.Садықов сөз сөйлеп, өз сөзінде Қазақстанның экологиялық күн тәртібін ілгерілету жөніндегі ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейдегі халықаралық бастамалары мен практикалық іс-әрекеттері туралы хабардар етіп, еліміздің көпжақты ынтымақтастыққа беріктігін атап, халықаралық қоғамдастықты планетарлық экологиялық мәселелерді шешу үшін күш біріктіруге шақырды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Зүлфия Сүлейменова су мәселесі, маңызды минералдар, шөлейттену тақырыптар бойынша жоғары деңгейдегі диалогтарға қатысып, негізгі халықаралық табиғат қорғау конвенциялары мен келісімдерінің басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Сессия қорытындысы бойынша Ассамблея Министрлер декларациясын және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар маңызды қарарларды қабылдады.
Сессияға қатысушылар ХХІ ғасырдың негізгі экологиялық қауіптеріне қарсы тұру және қоршаған ортаны қорғаудың әртүрлі салаларындағы біліммен, озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасу үшін халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыру үшін шұғыл және бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін мойындады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясы (ЮНЕА) - қоршаған орта мәселелері бойынша ең жоғары жаһандық шешім қабылдау органы, оның құрамына БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің барлығы кіреді.
БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) - қоршаған орта мәселелеріне жауапты, қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдарды үйлестіретін және қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін тұрақты дамуды ілгерілететін жетекші жаһандық экологиялық ұйым. ЮНЕП штаб-пәтері Найробиде орналасқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 15:42 9086
Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің перспективалары талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Брюссельдегі Еуропалық азиялық зерттеулер институтында (EIAS) "Қазақстан - Еуропалық Одақ: Бұл әріптестік көбірек пайда әкеле ала ма және ол үшін не қажет?" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Еуропалық астананың танымал аналитикалық орталықтарының бірінде өткен іс-шара Қазақстан мен Еуропалық Одақ және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің (КӘЫК) 10 жылдығына арналды.
Дөңгелек үстел халықаралық және бельгиялық сарапшылар қауымдастығының өкілдерін, сондай-ақ Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметін (EEAS) жинап, Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен болашақ перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Талқылауды аша отырып, Қазақстанның Брюссельдегі Елшісі Роман Василенко соңғы он жылда Қазақстан мен Еуропалық Одақ жай ғана әріптестік емес, ынтымақтастықтың тұтас экожүйесін қалыптастырғанын атап өтті. 29 бағытты қамтитын КӘЫК көлік инфрақұрылымы мен энергетикалық қауіпсіздіктен бастап білім беру, климаттық саясат және цифрлық инновацияларға дейінгі салаларда ортақ прогрестің негізіне айналды.
Дипломаттың айтуынша, жоғары және жоғарғы деңгейдегі соңғы кездесулер, оның ішінде Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның Астанаға ресми сапары және Брюссельде ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Қошербаев пен ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кайя Каллас тең төрағалық еткен "Қазақстан-ЕО" Ынтымақтастық кеңесінің 22-отырысы екі тараптың өзара іс-қимылды сапалық жаңа деңгейге шығаруға дайын екенін көрсетті.
Атап өтілгендей, Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік маршрутын ("Орта дәліз") дамыту ісінде ЕО серіктестерімен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын. Оның ішінде бұл бағытты Еуропа мен Азияны байланыстыратын толыққанды заманауи, тиімді және экологиялық таза көлік артериясына айналдыру мақсатына ерекше көңіл бөлінді.
Сондай-ақ жақында Қазақстан мен ЕО визалық рәсімдерін жеңілдету және реадмиссия туралы келісімдер бойынша ресми келіссөздерді бастағаны атап өтілді. Бұл қадам екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды белес болып саналады.
Сонымен қатар "жасыл" көшу және декарбонизация, стратегиялық маңызды шикізат, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және цифрлық басқару салаларында өзара іс-қимыл перспективалары белгіленді. Қазақстан азаматтық авиация саласында да үлкен әлеует көріп отыр, бұл бағытта тараптар жаңа құқықтық базаны қалыптастыру үстінде. Сондай-ақ ғарыш саласында өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндігі де ерекше аталды.
Елші атап өткендей, "Қазақстан мен Еуропалық Одақ күшімізді біріктіре отырып, аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету, орнықты жабдықтау тізбектерін құру және "жасыл" инновацияларды дамыту сынды жаһандық деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізе алатынымызды дәлелдедік. "Дөңгелек үстел" тақырыбындағы сұрақтарға біздің жауабымыз айқын: біздің әріптестігіміз тек қана көбірек пайда әкеле алады емес, әкелуге тиіс және әкелетін болады. Бұл үшін икемділік, ұзақ мерзімді жоспарлау және ертеңгі инфрақұрылым мен технологияларға батыл инвестиция қажет. Қазақстан мұндай көзқарасқа толықтай берілген".
Сарапшылар қауымдастығы мен EEAS өкілдері көлік, цифрландыру және стратегиялық маңызды материалдар салаларында Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлкен мүмкіндік бар екенін атап өтті. Инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіру қажеттілігі де ерекше назарға алынды. Сонымен қатар "Орта дәліздің" маңыздылығы және бұл бағыттағы Қазақстанның негізгі рөлі бөлек аталып өтті.
Қазақстан - 2015 жылы Еуропалық Одақпен КӘЫК келісіміне қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет.
2024 жылы ЕО мен Орталық Азия елдерінің тауар айналымы шамамен 55 млрд еуроны құрады, оның 49 млрд еуродан астамы Қазақстанға тиесілі.
Бүгінгі таңда елімізде еуропалық капиталдың қатысуымен 4 мыңнан астам компания жұмыс істейді, олардың инвестиция көлемі 200 млрд АҚШ долларына жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 14:36 9321
Қазақстанның Гонконгтағы экспорттық әлеуеті талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Гонконгта Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулдығы қазақстандық экспортты Гонконг нарығына ілгерілету үшін ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Гонконгтың ресми өкілдері, кәсіпкерлер және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысты. Қазақстан Республикасының Гонконгтағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов өз алғыс сөзінде Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Бағдарламаның негізгі бөлігінде гонконгтық тарапқа қазақстандық нарықтың мүмкіндіктеріне арналған презентация ұсынылды. Қатысушылар қазақстандық өнімдердің, әсіресе азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және фармацевтика сектордағы жоғары әлеуетін атап өтті.
Бұдан бөлек, Ли Кин-кей (Гонконгтың Кеден және акциздер департаменті комиссарының орынбасары) өз ұстанымын білдіріп, аймақтар арасындағы сауда және логистика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті. Талқылау барысында табысты экспорт үшін сапа стандарттары, өнімнің қауіпсіздігі және логистикалық инфрақұрылымды дамыту сияқты негізгі аспектілер айқындалды
Іс-шара соңында Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар қазақстандық экспорттаушыларды қолдау және олардың өнімдерін Гонконг нарығында ілгерілету үшін бірлескен іс-шараларды жалғастыру туралы келісті және екі аймақ арасындағы сауда қатынастарын жақсартуға маңызды қадам болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 12:31 9861
Қазақстан мен Сауд Арабиясы бірлескен инвестициялық жобаларды дамытуға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Мемлекеттік инвестициялық қорының Аға директоры Мулхам Әл-Бакримен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
М.Меңілбеков Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат беріп, елдің басым экономикалық салалардағы инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды. Өз кезегінде, Қор басшылығы Қазақстанның жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтіп, қазақстандық тараппен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ықпалдастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдар туралы келісті.
Sovereign Wealth Fund Institute" бағалауына сәйкес, 1971 жылы құрылған Мемлекеттік инвестициялық қордың жалпы активтері шамамен 1 трлн. долл. құрайды және Қор әлемдегі егеменді қорлар арасында активтер көлемі бойынша 6-шы орынға ие.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.12.2025, 10:52 10061
Босния және Герцеговина Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Елшісі Дәулет Батырашев Босния және Герцеговина басшылығымен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында екіжақты қатынастарды дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Босния және Герцеговина Премьер-министрі Нермин Никшичпен өткен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, энергетика саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара тиімді әріптестікке ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ өзара сауданы арттыру және транзиттік-көліктік әлеуетті пайдалану мүмкіндіктері, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі аясындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Келіссөздер барысында Елші Босния және Герцеговина Үкіметінің Басшысын 2026 жылғы сәуір айында Астана қаласында өтетін Халықаралық тау-кен және геология форумына қатысуға шақырды.
Босния және Герцеговина Парламентінің Төрағасы Кемал Адемовичпен өткен кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты дамыту және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды жандандыру мәселелері талқыланды.
Тараптар парламенттік бағыттағы диалогты кеңейтуге мүдделілік танытты. Осыған байланысты Босния және Герцеговина Парламенттік Ассамблеясының Спикері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Спикерін Сараево қаласына ресми сапармен келуге шақырды.
Босния және Герцеговина сыртқы саяси ведомствосының басшысы Эльмедин Конаковичпен кездесуде екі ел арасындағы саяси өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективалары қаралды. Тараптар тұрақты диалогты жалғастыруға және 2026 жылы саяси консультациялардың кезекті раундын өткізуге дайын екендіктерін растады.
Сонымен қатар Босния және Герцеговина Сыртқы істер министрінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қаласына ықтимал сапарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру мәселелері Босния және Герцеговина Сауда-өнеркәсіп палатасының Төрағасы Ахмет Эгрличпен өткен кездесуде жан-жақты талқыланды.
Қазақстан мен Босния және Герцеговина кәсіпкерлік құрылымдарының қатысуымен бизнес-форум ұйымдастыру мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Сараево қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Босния және Герцеговинаның іскер топтарының, Қазақстан достары тобының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел аясында Елші қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси жағдай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар, Астананың сыртқы саясатының басымдықтары туралы хабардар етіп, Қазақстанның инвестициялық және экспорттық мүмкіндіктеріне арналған презентация өткізді, сондай-ақ Босния және Герцеговинадағы "Euronews" агенттігіне кеңейтілген сұхбат берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.12.2025, 13:21 51306
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
Достарға айту
ЮНЕСКО Бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті.
Сонымен қатар ЮНЕСКО Бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
17.12.2025, 10:52Босния және Герцеговина Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда 17.12.2025, 12:31 8761Қазақстан мен Сауд Арабиясы бірлескен инвестициялық жобаларды дамытуға ниетті17.12.2025, 14:36 8221Қазақстанның Гонконгтағы экспорттық әлеуеті талқыланды17.12.2025, 15:42 7986Брюссельде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық серіктестіктің перспективалары талқыланды17.12.2025, 16:45 7761Қазақстан Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясына қатысты
11.12.2025, 12:38 124786Қытай компаниясы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғырту бағдарламасына қатысу мүмкіндігін қарастыруда11.12.2025, 09:35 124106Астанада адам құқықтары мен пенитенциарлық жүйені дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті13.12.2025, 11:53 64321Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Түзелу жолы" гайд-турын ұйымдастырды15.12.2025, 13:48 62041Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады15.12.2025, 15:53 56566Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті
10.12.2025, 17:08 157851Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады19.11.2025, 16:26 147771Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 147446Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 146666Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады10.12.2025, 16:10 143226Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды

