24.11.2025, 13:45 4346

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Сурет: Akorda
Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Сенім грамоталарын Израиль Мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки, Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев, Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо, Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд, Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве және Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

Президент Қазақстан барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнатқан бейбіт ел екеніне тоқталды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ішкі саясатында қолға алынған бастамалар жөнінде әңгімеледі. Бұл жұмыстар Әділетті Қазақстанды құруға, "Заң және тәртіп" қағидатына негізделгенін айтты.

Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны