28.01.2026, 21:49 2666

Қазақстан мен халықаралық діни ұйымдар Африка одағы аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен халықаралық діни ұйымдар Африка одағы аясындағы ынтымақтастықты кеңейтуде
Сурет: gov.kz
Эфиопиядағы Қазақстан Елшісі, Қазақстанның Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Жалғас Әділбаев "Біріккен діндер бастамасы" (URI) халықаралық ұйымының Африка бойынша Өңірлік директоры, Африка одағы мен БҰҰ-ның Африкадағы бөлімшесі жанындағы өкілі Елші Мусси Хайлумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайда ұсынған негізгі бастамалары талқыланды. Қазақстанның заң шығарушы билік тармағын трансформациялауды, Вице-президент лауазымын енгізуді және ұлттық-азаматтық бірегейлікті нығайтуды көздейтін жаңа саяси модельге көшуіне ерекше назар аударылды.

М.Хайлу Қазақстанның "рухани дипломатияны" дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол Қазақстанның қағидаттары "Біріккен діндер бастамасының" миссиясымен толық үндесетінін атап өтті.

Сұхбат барысында Өңірлік директор Қазақстан Президентінің бастамаларына қатысты шолуын ұсынып, түрлі халықаралық платформаларда, соның ішінде Африка одағы аясында бірлескен іс-шаралар өткізу перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің қорытындыларына, Астана декларациясының қағидаттарын ілгерілетуге және конфессияаралық ынтымақтастықтың алдағы жоспарларына тоқталды.

Кездесу соңында Ж.Әділбаев Қазақстан үйлесімді халықаралық қоғамдастық құруға ықпал ете отырып, мәдениеттер мен діндерді жақындастыру бағытындағы белсенді жұмысын жалғастыра беретінін айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны