29.01.2026, 11:40 52146
Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы іскер топтарының өзара іс-қимыл перспективалары қарастырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Сауд Арабиядағы Елшісі Мадияр Меңілбеков Рияд қаласы Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы, "Obeikan Investment Group" компаниясының Бас атқарушы директоры Абдалла Әл-Обейканмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясының іскер топтары арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады.
М.Меңілбеков Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал, шетелдік инвесторларды қолдауға бағытталған мемлекеттік шаралар туралы ақпарат беріп, елдің Орталық Азия мен Еуразия нарықтарына шығуға арналған өңірлік хаб ретіндегі әлеуетін атап өтті.
Өз кезегінде, А.Әл-Обейкан екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдіріп, бизнес-миссиялар мен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі бастамаларды қолдайтынын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға және өзара тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған алдағы қадамдар туралы келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.06.2026, 20:15 6231
Қазақстан мен Кувейт қаржылық ынтымақтастық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың жаңа перспективаларын ашуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Қаржы министрі Якуб Әл-Рефаимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан мен Кувейт арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру барысын талқылады.
2026 жылдың екінші жартысында өтуі жоспарланған Қазақстан-Кувейт сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысының дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Кувейт Мемлекеті Үкіметі арасындағы табыстарға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу туралы келісімге қол қоюға дайындық барысын талқылады. Құжат бойынша жұмыс аяқталу сатысында екені, ал оған қол қою екі ел арасындағы экономикалық әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болатыны атап өтілді.
Қазақ Елшісі сұхбаттасушысын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен таныстырып, Қазақстан экономикасының тұрақты өсімін және оның Орталық Азиядағы жетекші экономикалардың бірі ретіндегі ұстанымын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен кувейттік инвестицияларды тартудың перспективалы бағыттары таныстырылды.
Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін Парсы шығанағы елдеріне тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне де ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Кувейт Мемлекетінің Қаржы министріне Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыру хаты табыс етілді.
Кувейт тарапы шақыруды ризашылықпен қабылдап, Қазақстан тарапының сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамаларын қарастыруға қызығушылық білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2026, 19:15 6486
Қазақстан мен Сауд Арабиясы аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Корольдіктің Өнеркәсіп және минералды ресурстар вице-министрі Халед Әл-Мудайфермен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар тау-кен өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, стратегиялық және аса маңызды минералдарды барлау, өндіру және өңдеу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Тараптар екі елдің салалық мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары және іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін қарастырды.
Кездесудің қорытындысы бойынша қазақ-сауд байланыстарын одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2026, 10:19 18566
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Көптеген халықаралық байқаушының алдын ала мәліметінше, сайлау елдің қолданыстағы сайлау туралы заңнамасына сай, ашық әрі азаматтардың еркін білдіруіне тиісті жағдай жасала отырып өткен, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның Армения елінің ұзақмерзімді ұлттық мүддесі жолындағы қызметте табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.
Президент Қазақстан достас Армениямен барлық салада өзара мүддеге сай белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев армян халқына мемлекеттілікті дамытуда сәттілік, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2026, 16:06 79291
Қазақстан Бледтегі Халықаралық су форумында су саласындағы бастамаларын ілгерілетуде
Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Достарға айту
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев "Су және көгілдір экономика - су ресурстары саласындағы жаңа стратегиялар" тақырыбында өткен 11-ші Блед халықаралық су форумына (BWF) қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Форум Словения Президентінің жұбайы, BWF Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алеш Мусар мен Литваның бірінші ханымы Диана Науседененің қатысуымен өтті. Жиынға 60-тан астам елдің, соның ішінде ЕО мемлекеттерінің, Орталық және Шығыс Еуропа, Балқан аймағы, Кавказ, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы елдерінің, Сингапурдың бейінді агенттіктерінің сарапшылары мен өкілдері, сондай-ақ АЭХА (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) және басқа да халықаралық ұйымдардың, ғылыми институттар мен жеке сектордың өкілдері жиналды. Форум өзінің инновациялық тәсілдері үшін халықаралық марапаттар мен сыйлықтарға ие болып, лайықты танымалдылыққа ие болған.
Қазақстан Елшісі қатысушыларға арнаған сөзінде осы жылдың сәуір айында Астанада Орталық Азия, Кавказ мемлекеттері басшыларының және халықаралық серіктестердің қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық саммиттің негізгі қорытындылары туралы айтып, бүгінгі таңда су мәселесі аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі элементі екенін атап өтті.
Алтай Әбибуллаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасына және Саммит аясында өткен халықаралық консультациялардың бірінші кезеңінің қорытындыларына ерекше назар аударды. Бұл қадамдар жаһандық үйлестіруді күшейтуге, халықаралық су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға, бытыраңқылықты жоюға және Әбу-Дабиде өтетін БҰҰ-ның 2026 жылғы су жөніндегі конференциясына дайындық аясында неғұрлым үйлесімді әрі нәтижелі су күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған.
Форумға қатысу ұлттық және аймақтық су күн тәртібін, Қазақстанның мамандандырылған су ұйымын құру жөніндегі бастамасын ілгерілетудегі, сондай-ақ халықаралық серіктестермен су ресурстары саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықты талқылаудағы маңызды қадам болды.
Мемлекет басшысының Халықаралық су ұйымын құру туралы бастамасы Форумның барлық қатысушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды және іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Блед халықаралық су форумының Сарапшылар кеңесінің құрамына ресми түрде шақырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2026, 15:30 79756
Бакуде ТМҰ мүше мемлекеттері ұлттық банктері кеңесінің екінші отырысы өтті
Сурет: cbar.az
Достарға айту
Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері кеңесінің екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Отырысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және ТМҰ Хатшылығының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменовтің атынан отырыс қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, түркі мемлекеттерінің орталық банк ісі саласындағы ынтымақтастығына жоғары баға берді. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері Кеңес мүшелерін еліміздің негізгі ақша-кредиттік реттеушісінің ағымдағы қызметі туралы хабардар етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:52 117921
Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Молдова астанасында Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесі кеңсесінің ресми ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Салтанатты іс-шараға Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Людмила Катлабуга (екіжақты үкіметаралық комиссияның тең төрағасы), бейінді министрліктер мен ведомстволардың, жетекші іскерлік қауымдастықтардың өкілдері, Парламент депутаттары, сондай-ақ қазақстандық және молдовалық компаниялардың басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, кеңсенің ашылуы экономикалық өзара іс-қимылды нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және кәсіпкерлер арасындағы байланыстарды кеңейту үшін қосымша институционалдық алаң болатынын жеткізді. Сонымен бірге, Елші Кеңес жүйелі ынтымақтастықты орнатуға және іскерлік бастамаларды қолдаудың тиімді тетіктерін жасауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
МР Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрі Л.Катлабуга қатысушыларды құттықтап, жаңа платформаның аграрлық сектор үшін стратегиялық маңыздылығына назар аударды. Ол Қазақстанды Молдова үшін перспективалы әрі ауқымды нарық деп атап, өзара тауар жеткізуді арттыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы озық технологиялармен алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін зор әлеует бар екенін атап өтті. Министр бұл Кеңестің екі елдің бизнесі үшін сенімді көпір болатынына сенім білдірді.
Молдова-Қазақстан Іскерлік Кеңесінің төрағасы Тұңғат Әбілқасымов жаңа құрылымның практикалық міндеттерін айқындады. Ол кеңсенің басты мақсаты - ынтымақтастық әлеуетін нақты келісімшарттар жазықтығына көшіру екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Кеңестің кедергілерді азайту және бірлескен кәсіпорындарды іске қосуды жеделдету үшін барынша ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
Ашылу рәсімі аясында қатысушыларға Қазақстанның инвестициялық және экспорттық әлеуеті егжей-тегжейлі таныстырылды. Іскерлік топтардың өкілдері ынтымақтастық перспективаларын талқылады, ал іс-шара бірқатар екіжақты меморандумдарға қол қоюмен аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:32 111331
Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі - Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2026, 17:11 119056
Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты
Достарға айту
Қазақстанның Жапонияағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Токио губернаторы Юрико Коикемен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сұхбат барысында Ю.Койке жуырда Астанаға жасаған сапары шеңберінде оған көрсеткен жылы қабылдауы үшін шынайы ризашылығын білдіріп, Қазақстан астанасының жаңғыруы мен қарқынды өсуінің әсерлі серпінін атап өтті. Тараптар инновацияға, цифрлық трансформацияға және "жасыл" энергетикаға деген өзара мүдделілік екі қаланың бизнесі мен институционалдық әріптестігі үшін жаңа көкжиектер ашады.
Жапон саясаткері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауымдастықтағы рөлін жоғары бағалап, жапон тарапының Астанамен барлық негізгі салаларда стратегиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге әзір екенін мәлімдеді.
Елші жапон саясаткерін көптеген жылдар бойы Қазақстан-Жапония қарым-қатынастарын нығайтуға дәйекті ықпал етіп келе жатқан Қазақстанның мейірімді досы деп атады. Сондай-ақ, ол Токио мен Астана арасындағы ынтымақтастықты жандандыру Мемлекет басшысының 2025 ж. желтоқсандағы Жапонияға жасалған ресми сапарының практикалық нәтижелерінің бірі болғанынна тоқталды.
2025 ж. желтоқсанда қол қойылған Астана мен Токио арасындағы цифрлық даму және қала орнықтылығы саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум қалалық ортаның сапасы мен басқару тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатындығы ерекше аталып өтті.
Сондай-ақ Жапония астанасы үкіметінің басшысы еліміздің мемлекеттік рәміздері күніне орай Қазақстан Республикасының туын көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.06.2026, 10:19Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды "Азаматтық келісім" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады 08.06.2026, 11:23 9836Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды08.06.2026, 12:18 7581Түркістан облысының прокуроры тағайындалды08.06.2026, 19:15 5376Қазақстан мен Сауд Арабиясы аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда08.06.2026, 20:15 5121Қазақстан мен Кувейт қаржылық ынтымақтастық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың жаңа перспективаларын ашуда
05.06.2026, 11:10 125261Астана мен Браззавиль сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындады05.06.2026, 10:50 117976ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан - Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды05.06.2026, 17:11 117946Токио губернаторы Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде болып қайтты05.06.2026, 16:15 117381Қазақстанда санитарлық-техникалық жабдықтар шығаратын зауыт салынуда05.06.2026, 17:52 116811Кишиневте Молдова-Қазақстан іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды: экономикалық серіктестікке жаңа серпін
13.05.2026, 07:10 289531Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 277236Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды22.05.2026, 20:31 250741Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды15.05.2026, 20:45 243666Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 243036Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті

