15.04.2025, 13:55 63056

Қазақстан мен Пәкістанның жоғары аудит органдары басшылары Душанбеде кездесу өткізді

Қазақстан мен Пәкістанның жоғары аудит органдары басшылары Душанбеде кездесу өткізді, деп хабарлайды ЖАП-ның баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайылов Пәкістанның бас аудиторы Мұхаммед Аджмал Гондалмен кездесу өткізді. Іс-шара Душанбеде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің жоғары аудит органдары басшыларының 7-ші кездесуі аясында өтті.

Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, аудиттің озық әдістері мен практикаларын енгізу, аудит рәсімдерін цифрландыру және басқа да бағыттарды талқылады.

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата мен Бас аудитор кеңсесінің арасында ШЫҰ аясында да, екіжақты форматта да көпжылдық тығыз байланыс орнағанын атап өтті.

2024 жылы біз ауыл шаруашылығы саласында қатарлас аудитті сәтті өткіздік. Осы бағыттағы белсенді жұмыс үшін пәкістандық әріптестерімізге алғыс айтамыз", - деді төраға.


Сондай-ақ ол өткен жылы екі елдің аудит органдары АЗОСАИ Басқарма кеңесінің мүшелері болып сайланғанын еске салды.

Біздің ынтымақтастығымыз одан әрі нығаятынына сенімдімін", - деп аяқтады Әлихан Смайылов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны