10.12.2025, 15:04 134041

Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады

Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады
Сурет: Akorda
Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен "Өскемен арматура зауыты" АҚ ("ӨАЗ" АҚ) мен "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ ("КҚК-Қ" АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құжатқа "ӨАЗ" АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.

Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолдануды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.

Келісім шеңберінде тараптар "КҚК-Қ" АҚ-ны Қазақстаннан шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жаңғырту және сынақтан өткізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге әрі енгізуге ниетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны