10.12.2025, 21:55 55921

Қазақстан мен Словения экономикалық диалогты нығайтуда

Қазақстан мен Словения экономикалық диалогты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения сыртқы және еуропалық істер министрлігінің экономикалық, мәдени және ғылыми дипломатия Департаментінің директоры Петер Япельмен кездесуде екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерінің кешенін және Словения Республикасы Президентінің 2025 жылғы наурызда Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Дипломаттар қазақ-словениялық экономикалық өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттарына, атап айтқанда, ҮАК отырысына дайындыққа, энергетикалық ынтымақтастыққа, словениялық компаниялардың ҚР мен ЕО арасындағы сирек жер материалдары саласындағы уағдаластықтарды іске асыруға қатысуына, Қазақстанның словениялық Копер теңіз портының инфрақұрылымына қолжетімділігіне, сондай-ақ Krka және Lek белгілі әлемдік словен брендтерінің қатысуымен фармацевтикалық кооперацияны жандандыруға ерекше назар аударды.

Словения озық медициналық технологиялар, биофарма және Қазақстан нарығына дәрілік препараттарды жеткізу саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға мүдделі.

Словенияның сыртқы саяси ведомствосы сондай-ақ қазақстандық тараптың цифрлық күн тәртібін кешенді жандандыру, қазақстандық және словендік старт-ап компаниялардың қатысуымен АКТ, жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық, цифрлық қауіпсіздік, big data және өнеркәсіпке, энергетикаға және мемлекеттік қызметтерге жоғары технологиялық шешімдерді енгізу жөніндегі ұсыныстарын қолдады.

Словения статистикасына сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі 152,1 млн., бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 19,9% жоғары.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны