10.12.2025, 15:52 120866
Қазақстан Халықаралық еңбек ұйымымен стратегиялық байланысты нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесіндегі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның ХЕҰ-мен стратегиялық әріптестікті нығайтудағы өзгермес ұстанымын растады. Бас директордың 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған тарихи сапарының маңыздылығы атап өтілді - бұл еліміз 1993 жылы Ұйымға мүше болғаннан бергі ХЕҰ басшысының алғашқы сапары болды.
Тараптар бірлескен жетістіктерді, соның ішінде 2024-2025 жылдарға арналған Лайықты еңбек жөніндегі жол картасының табысты іске асырылуын және ХЕҰ-ның №131 "Ең төменгі жалақы туралы" конвенциясын жақында ратификациялағанын жоғары бағалады.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның еңбек саясатының трипартизм мен әлеуметтік диалог қағидаттарына негізделетініне тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендігін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.12.2025, 13:32 2891
Найробиде Каспий мен Арал теңіздеріне байланысты мәселелер талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау Ассамблеясының 7-ші сессиясына қатысу аясында Қазақстан делегациясы "Теңіздер мен көлдердің кебуі - XXI ғасырдың жаһандық апаты. Каспий және Арал теңіздерінің, сондай-ақ Африка, Америка, Еуропа және Азия елдерінің мысалында мәселелерді шешудің өңірлік шаралары" тақырыбында ресми сайд-ивент ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің делегациялары, БҰҰ басшылығы, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының Атқарушы директоры Ингер Андерсен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары-БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Татьяна Молчан, Батпақты жерлер туралы конвенцияның Бас хатшысы Мусонда Мумба, Францияның Экологиялық өтпелі кезеңдегі бұрынғы министрі және Сыртқы істер министрлігінің қоршаған орта мәселелері жөніндегі елшісі Барбара Помпили, Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбай қатысты.
Іс-шара теңіздер мен көлдердің кебу мәселелеріне әлемдік қауымдастықтың назарын аудару және Орталық Азия тәжірибесінің басқа өңірлер үшін пайдалы болуы мүмкін екенін көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
Форумға қатысушылар Африка, Латын Америкасы және Азиядағы теңіздер мен көлдердің кебуіне байланысты өңірлік қиындықтар мен мүмкіндіктерді қарастырып, экожүйелерді қалпына келтіру және қауымдастықтың тұрақтылығын нығайту үшін кешенді трансшекаралық әрекеттерге назар аударды. Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі күш-жігерін, соның ішінде 2026 жылы Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитті өткізуді жоғары бағалады.
Орталық Азия елдері үшін тұрақты даму мәселелерін, биоәртүрлілікті сақтау және су ресурстарын қорғау шараларын ілгерілетудегі Қазақстанның көшбасшылығы ерекше аталып өтті.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар теңіздер мен көлдердің кебуіне қарсы тұру үшін шұғыл және бірлескен шаралар қабылдау қажеттілігін XXI ғасырдың ең үлкен экологиялық қауіптерінің бірі ретінде, экожүйені қалпына келтіру және су ресурстарын кешенді басқару саласындағы озық тәжірибелермен және инновациялық шешімдермен алмасудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар елдер мен өңірлер арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жұмылдыру, және климаттың өзгеруіне бейімделу және әлемнің барлық аймақтары үшін су қауіпсіздігін нығайту үшін әмбебап және үнемді құрал ретінде табиғатқа негізделген шешімдерді ілгерілетудің маңыздылығы аталып өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 23:30 3106
Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасына сенім грамоталарын тапсырды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Батырашев Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желько Комшичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары талқыланып, энергетика, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай мүмкіндіктері аталып өтті.
Елші Президиумның төрағасына Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ауқымды реформаларды жүзеге асыру және кешенді әлеуметтік-саяси өзгерістер жөнінде ақпарат берді.
Қазақстанның бейбіт және ашық сыртқы саясат ұстанып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен халықаралық құқыққа сәйкес мемлекеттердің егемендігі, теңдігі және аумақтық тұтастығы қағидаттарын берік қолдайтыны аталып өтті. Дипломат Қазақстанның мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Босния және Герцеговина арасындағы халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған саясатын да жеткізді.
Босния және Герцеговинаның басшысы реформалар бағытын жоғары бағалап, Қазақстанның айтарлықтай жетістіктеріне назар аударып, сондай-ақ елдің екі континенттің тоғысындағы ірі транзиттік-тасымалдау әлеуеті бар жетекші еуразиялық экономикалық держава ретіндегі рөлін атап өтті.
Ж.Комшич Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бүкіл Қазақстан халқына алдағы ҚР Тәуелсіздік күніне орай амандық пен өркендеу тілектерімен жылы құттықтауларын жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 21:22 3541
Сеулде Орталық Азия елдерінің Корея Республикасымен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған "Кореяның өңірлік стратегиялары форумы: жаһандық серіктестікті кеңейту" атты форум Сеул қаласында өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға Үкімет өкілдері, жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, дипломаттар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан 300-ден астам қатысушы жиналды. Форумның негізгі мақсаты - жаһандық жағдайдың жылдам өзгеруі аясында Кореяның сыртқы саясатының басым бағыттарын және халықаралық әріптестікті нығайту жолдарын талқылау болды.
Форумның маңызды сессияларының бірі Корея Республикасының Орталық Азиямен өзара іс-қимылына арналды. Корея СІМ Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия істері бюросы Бас директорының орынбасары Нам Джин Орталық Азия Кореяның сыртқы саясатындағы басым өңірлердің біріне айналғанын атап өтті. Ол Сеул Орталық Азияға қатысты саясатын қайта қарастырып, 2026 жылы өтетін C5+K Саммитіне дайындалып жатқанын жеткізді.
Форумда сөйлеген сөзінде Қазақстанның Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтың күшеюін және C5+1 форматында сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылдың кеңеюін атап өтті. Ол 2024-2025 жылдары бұл формат Мемлекет басшылары деңгейіне көтерілгенін, Қазақстанның дәйекті көпвекторлы саясат жүргізетінін және өңірдегі конструктивті рөл атқаратын орта держава ретінде танылатынын айтты.
Елші Арыстанов парламенттік және сараптамалық байланыстарды, сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы өзара іс-қимылды және GAROK қолдауымен жүргізіліп жатқан белсенді өңіраралық дипломатияны қамтитын C5+K форматындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Ол Қазақстанда корей капиталы бар 894 компания қызмет атқаратынын жеткізді.
Сонымен қатар, гуманитарлық байланыстар да қарқын алып келеді: туристік ағын артып, білім беру бағдарламалары кеңеюде, оның ішінде Woosong университеті филиалының ашылуы және Қызылорда қаласында SeoulTech университетінің AI School жобасының іске қосылуы. Елші өңірдің ашықтығы артып келе жатқанын, соның ішінде Қазақстан мен Корея арасындағы 30 күндік визасыз режимнің және Астана, Алматы, Шымкент қалаларын Сеул және Пусанмен байланыстыратын 20 тікелей әуе рейсінің бар екенін атап өтті. Бұл факторлар өзара байланыстарды кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды.
Пікірталас барысында сарапшылар Орталық Азияның өзгеріп жатқан болмысына, өңірдің стратегиялық маңыздылығы мен экономикалық әлеуетінің артуына және технологиялық даму сұранысына сәйкес Корея Республикасының өңірге қатысты жаңа, мақсатты стратегия әзірлеу қажеттігін атап өтті. Олардың пікірінше, Корея ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, инновацияларға, жеткізу тізбектерінің тұрақтылығына және адами капиталды дамытуға бағытталған болашаққа бағдарланған тәсілді қалыптастыруға мүдделі.
Форумға қатысушылар Орталық Азияның геосаяси әрі экономикалық тұрғыдан өсіп келе жатқан рөлін жоғары бағалады. Іс-шара аясында өткен сұрақ-жауап сессиясы талқылауды тереңдетуге және қосымша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 20:28 3326
Қазақстан мен Молдова екіжақты қатынастарды нығайтуда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Молдовадағы Елшісі Алмат Айдарбеков Примар Лилия Пилипецкидің шақыруымен Сороки қаласында болды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттары жөнінде пікір алмасты. Әсіресе Қазақстан мен Молдова аумағында іске асырылып жатқан мәдени, әлеуметтік және экономикалық жобаларға өзара қатысу мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Сұхбаттастар өзара ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындау және оны жандандыруға бағытталған нақты қадамдарды әзірлеу мақсатында тұрақты байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 20:19 4381
Қосшы қаласының оқушылары тәуелсіз Қазақстан дипломатиясының қалыптасу тарихымен танысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Сыртқы істер министрлігі еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қосшы қаласындағы №4 мектеп оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырды. Қазақстандық дипломатия мұражайын тамашалау барысында өскелең ұрпаққа дала дипломатиясынан қазіргі кезеңге дейінгі отандық дипломатиялық мектептің даму тарихымен танысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқушыларға мұрағаттық құжаттар, сирек кездесетін материалдар мен тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі кезеңдерді көрсететін экспонаттар ұсынылды. Еліміздің халықаралық сахнада алғашқы танылуы, дипломатиялық қатынастар орнатуы және жетекші халықаралық ұйымдарға мүше болуына арналған бөлімдер ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара жас буынға Қазақстанның қалыптасуы және ұлттық мүдделерін ілгерілету, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделін нығайтудағы дипломатиялық қызметтің рөлін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Министрлік қызметкерлері оқушыларға Тәуелсіздік жылдарда қалыптасқан сыртқы саясаттың басты қағидаттары Қазақстанның жаһандық процестердің құрметті және белсенді қатысушысына айналуына қалай ықпал еткені туралы айтып берді. Отандық дипломатияның бітімгершілік бастамаларды ілгерілетуге, өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттің саяси және экономикалық мүдделерін қорғауға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Сыртқы істер министрлігіне сапар оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриотизмін және дипломатияның маңыздылығын халықаралық аренада ұлттық мақсаттарды ілгерілетудің негізгі құралы ретінде түсінуін қалыптастыруға ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 14:51 4616
Вашингтонда Орталық Азияның жаңа геосаяси және экономикалық сәулетін қалыптастырудағы рөлі талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Microsoft Саясат және инновациялар орталығының алаңында Орталық Азияның жаңа геосаяси және экономикалық сәулетін қалыптастырудағы рөліне арналған сараптамалық пікірталас өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шараға АҚШ Үкіметі мен Конгресінің өкілдері, сондай-ақ жетекші сарапшылар мен академиялық қауымдастық мүшелері қатысты.
Спикерлер өңірдің АҚШ-пен қарым-қатынастарында "ренессанс" кезеңіне қадам басқанын және оның Вашингтонның сыртқы саяси күн тәртібінде маңызды орын алып келе жатқанын атап өтті. Олар 2025 жылғы
6 қарашада Вашингтонда өткен "С5+1" Саммитін, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жандануын және жоғары деңгейдегі делегациялар сапарларының артуын мысал ретінде келтірді.
Сарапшылар "С5+1" форматының және оның "С6+1" форматына дейін кеңею мүмкіндігінің тұрақты хатшылығы бар толыққанды үкіметаралық тетік құруға негіз болатынын айтты. Осы тұрғыда Қазақстанның өңірдегі ең ірі экономика, интеграциялық үдерістердің бастамашысы және институционалдық әрі инфрақұрылымдық әлеуеті жоғары мемлекет ретінде жетекші рөлі ерекше аталды.
Пікірталас барысында Орталық Азияның транзит пен логистика саласындағы стратегиялық маңыздылығы да атап өтілді. Спикерлер қазіргі "Жібек жолының" жаңа конфигурациясын қалыптастырып отырған және өңірді жаһандық көлік байланысының маңызды торабына айналдырған Орта дәліздің және құрлық бағыттарының қарқынды дамуын ерекше атап өтті.
Сарапшылар Орталық Азияның энергетикалық қорлар мен аса маңызды минералдардың көзі, сондай-ақ цифрлық инфрақұрылымның болашақ орталығы ретіндегі әлеуетін кеңінен талқылады.
Америкалық сарапшылар алдағы кезеңдегі басты міндеттердің бірі ретінде АҚШ саясаты мен заңнамасын бизнестің нақты қажеттіліктеріне сәйкестендіруді атады. Олар ескірген шектеулерді жою, инвесторлар үшін неғұрлым болжамды жағдайлар қалыптастыру және АҚШ-тың жеке секторын Орталық Азиядағы жобаларға кеңінен тарту қажеттігін атап өтті.
Іс-шара сұрақ-жауап сессиясымен аяқталып, қатысушылар Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы келешектегі ынтымақтастығы бойынша пікір алмасты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 13:45 4881
Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы жоғары деңгейдегі келісімдерінің іске асуы талқыланды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстан Президенті Кеңсесінің басшысы Иштван Силвестер Тимармен, қазақ-мажар стратегиялық серіктестігі аясында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Елші А.Сапарбекұлы бұған дейін қол жеткізген уағдаластықтардың іске асуы туралы сұхбаттасын қысқаша мәлімет беріп, былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Будапештке жасаған мемлекеттік сапары барысында Республика Президенті Тамаш Шуйокпен, Үкімет басшысы Виктор Орбанмен өткізген келіссөздердегі, сондай-ақ Т.Шуйоктың қазан айындағы Астана сапарындағы келісімдердің жай-күйі туралы пікір алмасты.
Қазақ дипломаты екі жақты саяси байланыстардан басқа, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың, сондай-ақ тараптардың қарауындағы бірлескен жобалар мен инвестициялық мүмкіндіктердің жай-күйіне және перспективаларына тоқталып өтті.
Әсіресе жасанды интелект пен цифрландыру саласы ұсынатын мүмкіндіктер мен оның құқықтық реттелуі төңірегінде тәжірибе алмасу ұсынысы көтерілді.
Сонымен қатар, сұхбаттастар білім беру саласында Қазақстан мен Мажарстанның ұлттық университеттерінің ғылыми дисциплиналарына қазақ және мажар тілдерін ресми түрде енгізу мәселесіне үлкен мән берді.
Кездесу қорытындысы бойынша, сұхбаттастар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытында мемлекет басшыларының екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізген уағдаластықтарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.12.2025, 12:43 4901
Қазақстан жыл сайынғы БҰҰ қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Әйелдер одағының (UNWG) ұйымдастыруымен Достастық сарайында өткен жыл сайынғы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
1976 жылдан бері жәрмеңке әлемнің осал балаларын қолдау сияқты ортақ мақсатпен түрлі ұлттар мен мәдениеттерді біріктіріп келеді. Өз тарихында ол Женевадағы халықаралық қауымдастық үшін ең маңызды қоғамдық іс-шаралардың біріне айналып, іс-ашараға жыл сайын жүздеген қатысушылар жиналуда.
ҚР Тұрақты өкілдігі ұлттық стендте қазақ шоколадтары, дәстүрлі құрт, сондай-ақ ұлттық сувенирлер, қолданбалы өнер бұйымдары және кітаптар сынды өнімдерді ұсынды.
Жәрмеңке Қазақстан мәдениетін насихаттау және Женевадағы халықаралық ортадағы мәдени өзара әрекетті нығайту үшін маңызды мүмкіндік болды. Жиналған қаражат әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі балаларға көмектесетін қайырымдылық ұйымдарына берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.12.2025, 15:53Ыстанбұлда Қазақ киносының күндері өтті 15.12.2025, 14:50 126Қазақстан Солтүстік Македония студенттерінің назарында15.12.2025, 13:48 121Венгриялық сарапшылар Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді және конструктивті саясатын жоғары бағалады
09.12.2025, 14:10 133591Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды133466Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды10.12.2025, 16:01 125786Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады10.12.2025, 15:04 125546Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады10.12.2025, 17:08 125316Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
19.11.2025, 16:26 146996Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146651Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады19.11.2025, 13:23 145846Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады09.12.2025, 14:10 133591Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды09.12.2025, 16:14 Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды133466Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды

