26.11.2025, 10:31 38356

Қазақстан СІМ-де БҰҰ-мен бірлескен бастамалар талқыланды

Қазақстан СІМ-де БҰҰ-мен бірлескен бастамалар талқыланды
Сурет: Akorda
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанда аккредиттелген БҰҰ агенттіктерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар 2026-2030 жылдарға арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасының (UNSDCF) шеңберіндегі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты. Елдегі БҰҰ жүйесінің өкілдері өздерінің басымдықтарын, алдағы кезеңге арналған жоспарларын және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Е.Ашықбаев Қазақстанның БҰҰ қағидаттары мен құндылықтарына берік бейілділігін атап өтіп, Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының іске қосылуының практикалық маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде БҰҰ жобаларының тиімділігін арттыру, олардың географиялық қамтуын кеңейту және өңірлік әрі жергілікті деңгейдегі жұмысты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар алдағы бірлескен бастамаларға ерекше мән берілді, соның ішінде 2026 жылғы сәуірде Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитті дайындау, сондай-ақ Қазақстан бастамасымен жарияланған 2026 жылғы Орнықты дамудың халықаралық еріктілер жылы аясындағы іс-шаралар.

Басқосу қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға және орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды әрі қарай жүзеге асыру және ынтымақтастықты нығайтуға дайындығын растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны