30.12.2025, 19:58 931

Қазақстан СІМ басшысы Қытай Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Қытай Елшісін қабылдады
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оның одан әрі кеңею перспективалары бойынша пікір алмасты.

Сұхбаттастар ағымдағы жылы екі ел арасындағы саяси диалогтың дамуының бұрын-соңды болмаған серпінін атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ 2026 жылғы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұл тұрғыда Тайвань төңірегіндегі шиеленістің күшеюі жағдайында қазақ тарапы "бір Қытай" қағидатын берік қолдайтынын білдіріп, ҚХР үкіметі бүкіл Қытай үшін жалғыз заңды үкімет екенін және Тайвань оның ажырамас бөлігі екенін растады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны